Әблязовтың және оның тобының ешқандай қатысы жоқтығын ресми мәлімдеймін…

Әңгіменің ашығы
Мен, Сайрагүл Сауытбайдың ісін қолға алғанымда бұл іске заңгер ретінде кірістім, бұл іске саяси реңк беріп, оны кейін белгілі бір топтардың мүддесіне пайдалану ойымда жоқ және болған емес. Мақсат – анық әрі айқын, ол Сайрагүлге әуелі бостандық, кейін азаматтық беріп елде қалдыру, болды!
Әңгіменің ашығы бұл іске Әблязов бастаған топтың араласқанын қаламаймын, себебі, ол араласқан істің оңғанын көргем жоқ. Бір кездегі оның достары, жақтастары қайда? Түрмеде!
Әблязов әпкесі екеуі арандатушылар сияқты өзгелердің нәтижелі жұмыстарының жетістігін өздері иемденіп, біреудің қайғысынан өздеріне ұпай жинағысы келеді.
Мен Сайрагүл Сауытбай тағдыры үшін күресімізде Мұхтар Әблязовтың және оның тобының ешқандай қатысы жоқтығын ресми мәлімдеймін. Бұл істе — нағыз қазақ патриоттары бірікті. Сондықтан бұл жерде әблязовтарға орын жоқ.

Абзал Құспан фб парақшасынан