Әбу Дарда былай деген:
*Әбу Дарда былай деген: «Жайбарақат, жақсы күнде Аллаға жалбарын, сонда қиналған шағыңда Оның саған жауап беретіні үміт етіледі».
*«Қияметте таразыны ауыр басатын бір ғана амал – Алладан қорқу мен көркем мінез».
* Әбу Дарда былай деген: Егер үш нәрсе болмаса, адамның бәрі жақсы болып кетер еді: Бағындырып алған сараңдық, соңына ертіп алған нәпсі мен әуесқойлық және әркімнің өз ойын ғана ұнатуы».
* «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниеттерге байланысты. Әркімнің ниеті қандай болса, табысы сол».