АБЫРОЙЛЫ АНАДАН АҚ БАТА АЛУ ДА БАҚЫТ
Жұмыс барысында аудан, облыс арасында жүреміз. Сондай сәтте бізді іздеп, аманатын арқалап жүретін, аяулы апамыз бар.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі, Жамбыл облысының «Құрметті азаматы» Сәуле Мешітбайқызы апамызбен кеше жол үстінде кездестім. Қоғамдық-саяси «Qazaqstan dauiri» газетіне 30 жыл, «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жыл толуына орай арнайы шыққан медальды кеудеме тағып, ақ батасын берді.
Апамызды алдынан қарсы алып, қошеметпен күту де үлкен абырой, алайда, апаның қарапайымдылығы, баласына асыққан анадай, жолға шыққаны үлкен адамгершілік пен көпті көргендігі. Сіздің зор құрметіңізге ие болу —үлкен жауапкершілік, абырой биігінде болыңыз.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі