АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТ ИЕЛЕРІ ЖАРЫС ЖОЛЫНА ШЫҚТЫ
23 маусым — Мемлекеттік қызметші және Полиция күні, 24 маусым— Судья және сот қызметкері күні кәсіби мерекелерге орай, аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт түрлерінен аудандық спартакиада өтті.
Спартакиадаға мемлекеттік қызметшілер, аудандық ішкі істер, төтенше жағдай, қорғаныс бөлімдері мен ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық прокуратура, аудандық сот және аудандық аурухана қызметкерлері қатысты.
Жарыс кіші футбол, волейбол, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты спорт түрлерінен өтті.
Тартысты өткен турнирде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған «Айбын» командасы бірінші орынды;
Аудандық қорғаныс істері бөлімі мен төтенше жағдай бөлімінің «Бастау» командасы екінші орынды;
Аудандық аурухана қызметкерлерінің «Қыран» командасы үшінші орынды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері және жекелеген ойын түрлерінен үздік ойыншылар мен командалар ұйымдастырушылар мен демеушілер тарапынан дайындалған диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Полиция күніне арналған мерекелік концертте марапаттар салтанатты түрде табыс етілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі