Абысын тату болса…

Ертеде бір-бірімен тетелес өскен екі ағайынды жігіт әйел,бала-шағасымен бір шаңырақтың астында өмір сүреді.Екеуі де,әйелдері де әй-шәй деспей тату-тәтті ғұмыр кешеді.Енші алып бөлек кету,тіпті,ойларында да болмайды.Балалары да туған бауырдай бір-бірімен араласып-құраласып кетеді.Олардың мұндай татулығына сүйсінген ауыл адамдары бір күні екеуінен мұның сырын сұрағанда,ағасы “інімнің мықтылығы шығар”- десе , інісі: “Ағамның кеңпейілділігінің арқасы ғой.Ата-анамыздың тәрбиесі осындай болатын,”- деп жауап береді .Мұны ес тіген әйелдері ( яғни абысындар) ” Бұл жерде біздің де бірталай үлесіміз бар-ау,- бұлар соны ескермеді ғой .Онда бір қызық жасайық’,- деп жоспар құрады.Арада біраз уақыт өткенде,ет жеп отырған інісіне әйелі:- Осы қайын ағам біздің балаларымызға үнемі артқы сирақты береді.Көрдің бе,өз балаларына адам дардың алды болсын деп,алдыңғы сирақты беріп отыр “- деп сыбыр ете қалады,мұны естіген күйеуінің көңіліне күдік ұялап , ойланып қалады.Осындай ұсақ-түйек дүниелер жинала келе,інісінің көңілінде ағасына деген ыза,кек пайда болады,Кез келген нәрсеге бола ілінісіп,үнемі керісіп жүреді.Ақыры араларына сызат түсіп, інісі баска жаққа қоныс аударуға бекінеді.Ашуы тарқамаған күйі “үйді жығып қой-деп әйеліне тапсырма береді деп,өзі ауылдастарынан үй көшіретін ат іздеп кетеді.Алайда ешкімнен жарамды ат таба алмай,кешке үйіне келсе,әйелі үйді жықпай отыр екен.”Жықпағаның дұрыс болыпты,ешкім ат бермей жатыр”- дейді салы суға кетіп.Әйел “олай болса,бір қойды сойып,кешкі астың қамын жасайык”-дейді де,малдың сирақтарын алып ” мынаның алдыңғы сирағы қайсы,артқы сирағы кайсы,айырып берші”-дейді күйеуі ары қарап,бері қарап ажырата алмаған соң ағасынан барып сұрайды.Ағасыда ажырата алмайды.Сонда әйелі:” алдыңғы сирақ пен артқы сирақты ешкім ажырата алмайды .Біз сіздердің сыйластықтарыңыздың қай жерге дейін жететінін сынамак болып,осындай айлаға барған едік”- деп назданады.Сонда өзінің қателігін бірден түсінген інісі ыңғайсызданып:”Етіңді көбірек сал,етіңді көбірек сал,менен бір қателік кеткен екен”,-деп аға-жеңгесін қонаққа шакырып,кешірім сұраған деседі.

“Абысын тату болса ас көп! “- деген.

Elana.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған