«Адай Ата – Отпан тау» тарихи-танымдық этно-мәдени орталығы жайында бірер сөз

14329888_1651323185179741_6337886737512019623_nҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ЖОЛДАҒАН ҚҰТТЫҚТАУ ХАТЫ

ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР!

Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің игілігін жыл өткен сайын молынан сезіне түсуде. Өз тағдырымыз өз қолымызға тиіп, экономика нығая бастасымен-ақ, біз «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдап, киелі жерлерімізді, батыр бабаларымызды, мәдени мұраларымызды тарих қойнауынан аршып алып, тереңінен сыр тартып, қадірлеп, қастерлеуге ден қойдық. Құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгін ашылғалы отырған «отпан тау» тарихи-мәдени кешені де осы ел тәуелсіздігінің тікелей жемісі екені анық.
Көне де қасиетті Маңғыстауда сан қилы сын сағаттарында ұран отын жаққан, кәрі сеңгір Отпан таудың бүгінде мәңгілік отын маздатар Тағзым биігіне айналуы жан сүйсінер жақсылық, өткенге деген құрмет – болашаққа деген биік өнегесі дер едім. Бұл кешен түбі терең тарихымызды ұрпақтарымыздың есіне салып, жүректеріне имандылық нұрын сеуіп, ұлы мұраттарға үндеп тұратын болады. Ол сондай-ақ, Маңғыстау өңіріне жолы түсетін қазақстандықтар мен шетелдік туристердің де арнайы іздеп барып тәу ететін қасиетті мекен-жайына айналады деп үміттенемін.
Баршаңызды еліміздегі тағы бір қасиетті тарихи-мәдени кешеннің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Нұрсұлтан Назарбаев
Астана, Ақорда

1. Өнер ауылы – ұлттық өнерді дәріптеу, дамыту және шәкірттер дайындау сонымен қоса, салт-дәстүрді көрсету мақсатында салынады.
2. Тау баурайынан өлі әруақтарға арналған қорым ашылады. Ел үшін еңбек еткен, халқына қорған болған бірегей тұлғалардың есімдерін құрмет тұтып, рухтарына бас иіп, әруақтарына дұға бағыштап, жастарға үлгі, жалпы жамағатқа кіссілік парыздың жолын көрсету.
3. Ақсарай – ақылдастар алқасының ордасы. Ақсарайдың жанына Қарашаңырақтың Қарақазанына арналған асхана салынады.
4. Ақсарайдың жанында барлық аналарымыздың құрметіне бағышталған құлыптас тұрғызылды. Ана – отбасының берекеті мен тәрбиешісі деген ұғымға сүйеніп, Ақсарайдың жанына, Отпан таудың етегіне орналастырылды. Бүкіл Адай руының анасы ретінде бейнеленді.

14324229_1652308441747882_7244448673250761055_o
5. Отпан таудың шыңына Адай-Ата кесенесі тұрғызылды. Адай-Ата рулы елдің тегі. Ұлттық рухымыздың қуаты. Қарашаңырақтың иесі мен киесі. Атажұрт, Атамекен деген киелі ұғымдардың да тектік бейнесі.Адай-Атамен қоса Құдайке, Келімберді атамызға және оның сегіз немересіне белгі қойылды. Ескерткіштің негізгі тұғыр тасы Маңғыстаудағы 360 әулиге бағышталған бейнелі шеңбермен қапаталуы керек. (болашақта салынады). Адай-Атаның ұрпақтары Отпан таудағы сәулеттік мұраларды көзінің қарасындай сақтап. Ұрпағының бірлік-берекесіне рухани тұрғыдан тірек қылып, пайдаланудың ғылыми-танымдық әдістемелерін жетілдіре беруі керек. Бірлік пен бейбітшілік –барлық бақыттың бастауы.
6. Көкбөрі – Көк түркілерден қалған рухани қуат-жігеріміз бен ұлттық болмысыздың тамыр-тірегі.
7. Ұран-От – Үш жүздің алақанына салынған қазан бейнесіндегі алау жағатын орын. Ұлтымыздың жасампаздыққа, жақсылыққ, бірлік-берекеге шақыруға және ар-намысымыздың сергектігі мен ішкі тұтаттығымздың күш-қуатын бейнелейді.
8. «Алаш батыры» — тарихтағы барлық Алаш батырларының құрметтеріне арналған ортақ ескерткіш.Бұл ескерткңішті Адай-Атаның бейнесі ретінде танып, шатастыруға болмайды. Адай-Атаның бейнесі әулиелік қалпында, тектік, тұлға ретінде перзентерінің жүрегі мен санасында РУХ, ӘРУАҚ күйінде сәулеленуі керек. Сондықтан, Адай-Атаға арнап, алтын күмбезді там, кесене салынды. Құлыптас, қойтас қойылды. «Алаш батыры» — Үш Жүзге ортақ ерлер мен батырлардың бейнесі. Олардың ерлігіне көрсетілген құрмет. Болашақта салынбақшыАлаш батырының ескерткішін Адай-Ата рухымен және оның бейнесімен араластыруға өз басым қарсымын.
9. Ту-төбе – Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің тұғырнамасы. Көк туымызға көрсетілген құрмет.

Сабыр Адай
«Қарапайым қағидалар» кітабынан