Адам ағзасына су жетпей жатқанын білдіретін белгі
Адам күніне 2-3 литр таза су ішу керек деп жатамыз. Бұл бір күнде ағзға керек бүкіл сұйықтық. Оның 20 пайызы тамақтан келеді де, қалған 80 пайызын адам су мен сұйықтық күйінде ішуі керек.
Алайда күнделікті өмір болғандықтан, адам ағзасында су мөлшеріне мән бермей жүре береді. Шөлдегенде есіне түсуі мүмкін. Шөлдеу – ағзаның сусап жатқанын білдіретін табиғи сигнал. Бірақ кейде адам ағзасы шөлдемей-ақ суға зәру боп жатқан болуы мүмкін.
Ондайда мамандардың айтуынша, ең үлкен белгі – бұл зәрдің түсі. Егер адам ағзасына су жеткілікті болса, зәрді түсі мөлдір, тап-таза, ашық болады. Ал жетпей жатса, зәрді түсі күңгірт, қоңырқай боп келеді.
Зәрдің түсі ақшыл-сары, тоқсары түстес болса, ол да жақсы емес. Бұл бүйректің зорығып жұмыс істеп жатқанын білдіреді.
Ал ең қауіпті белгісі – зәрдің түсі күңгірт боп кеткен кезі. Ағза кәдімгідей сусап жатыр дегенді білдіреді. Мұндайда тезірек жылы су ішуге тырысу керек.
Егер адам күндік норманы орындап, суды жеткілікті ішсе, зәрдің түсі мөп-мөлдір боп тұрады. Осындай зәр шыққанға дейін су ішкен абзал дейді мамандар.