Адам ағзасына қатысты қызықты мәліметтер
1. Күніне бір қорап темекі шегетін адам, жылына жарты кесе қарамай ішкенмен бәрдей зиян шегеді.
2. Бар өмірінде адам басындағы шашы 725 километрге дейін өседі.
3. Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
4. Адам ДНК-сында 80 000-дай ген болады.
5. Адамның әр саусағы бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі.
6. Адам жүрегінің көлемі оның жұдырығындай болады.
7. Адам ағзасында өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 кг болады.
8. Адам миында бір секундта 100 000 химиялық реакция өтеді.
9. Адам миында туғанынан 14 миллиардтай жасуша болады және өлгенінше ол көбеймейді. Керісінше, 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азайып отырады. Кітап, газет оқуға кеткен әр минутта шамамен 70 жасуша өліп отырады.
10. Еркектер әйелдерге қарағанда 40 пайыздай артық терлейді.
11. Ересек адам күніне шамамен 23 000 рет дем алады (шығарады).
12. Бар өмірінде әйел адам организмі 7 миллион жұмыртқа жасушасын шығарады
13. Адам көзі 10 000 000 түрлі түсті ажыратуға қабілетті
14. Адам аузында 40 000 дай бактерия болады
15. Көзді ашып түшкіру мүмкін емес
16. Әйелдер көздерін еркектерге қарағанда 2 есе көп жыпылықтатады.
17. Еркек организміндегі ең ұсақ жасуша сперма жасушалары.
18. Адам организміндегі ең мықты бұлшық ет – тіл.
19. Дүниеге келген сәбидің денесінде 300 сүйек болады, үлкейгенде оның тек 206 ғана қалады.
20. Адам денесінде 7 кесек сабын шығаруға жететіндей май болады.
21. Адам денесіндегі жүйке тербелісі секундына 90 метр шапшаңдықпен ауысып отырады.
22. Бір жыл ішіндегі адамдағы жүрек соғу саны -36 800 000
23. Қолдағы тырнақ аяқтағымен салыстырғанда 4 есе жылдам шығады.
24. Бар өмірінде адам терісі 1000 рет ауысады.
25. Ересек адам денесінде 75 км (!) жүйке талшығы бар.
26. Адам сүйегінің 50 пайызын су құрайды.