Адам баласы туралы сіз білмейтін фактілер: Психология не дейді?
Психология саласы адамды таңқалдырудан жалықпайды. Назарларыңызға көпшіліктің қызығушылығын тудырған психологиялық фактілерді ұсынамыз.
1. Маньяктардың көбі қараша айында өмірге келеді;
2. Әзілкештер мен бақытты адамдар басқаларға қарағанда әлдеқайда депрессияға ұшырағыш болады;
3. Біз өзімізге ұнайтын адамдар туралы айтқан кезде дауысымызды өзгертеміз;
4. Сарказм шығармашылықты арттырады;
5. Би адамды бақыттырақ етеді;
6. Перфекционизм стресс пен депрессияға әкелуі мүмкін;
7. Сіз бір уақытта жұтынып, дем ала алмайсыз;
8. Қолды жуу оптимизмді арттырады;
9. Жиі күлімдеп жүретін әйел адамдар тартымды көрінеді. Ал ерлерде керісінше, аз күлетін және байсалды болып көрінетін ер адамдар тартымды болады;
10. «Тас, қайшы, қағаз» ойынында жеңіске жету үшін, ойынды бастамас бұрын қарсыласыңызға кездейсоқ сұрақ қойыңыз. Көп жағдайда шатасып қалған ол қайшы көрсетеді;
11. Өзіңізді ұйқыңыздың қанғанына сендіру арқылы миыңызды да солай деп ойлауға мәжбүр етуге болады;
12. Сіз шындығына келгенде сүйікті әніңізді ұнатпауыңыз мүмкін. Өйткені сіз ол музыканы өміріңіздегі белгілі бір эмоционалды оқиғамен байланыстырасыз;
13. Егер сіз бір адамның сіздің айтқаныңызды қолдағанын қаласаңыз, сөйлесу кезінде бас иіңіз. Ол сіздің айтқаныңызбен келісуі мүмкін;
14. Ешқашан сүйікті әніңізді будильникке қоймаңыз. Себебі ол музыканы жек көру қаупі бар;
15. Әйелдер жүкті кезінде тартымды көрінеді;
16. Бір адам туралы ойлай беретін болсаңыз, ол да сіз туралы ойлап жүр деген сөз;
17. Адамның өзімен-өзі сөйлесуі миды эффективті етеді;
18. Егер адам аз сөйлесе, бірақ тез сөйлесе, онда ол бір нәрсені жасырып тұр.
Ақмарал БЕРЕКЕТ
bugin.kz