АДАМ ТАМАҒЫ БОЛМАСА ӨЗ ДЕНЕСІН ЖЕЙДІ. ҰЙҚЫСЫЗ БОЛСА ӨЗ МИЫН ЖЕЙДІ. СҮЙІСПЕНШІЛІГІ БОЛМАСА, ӨЗ ЖАНЫН ЖЕЙДІ
АДАМ ТАМАҒЫ БОЛМАСА ӨЗ ДЕНЕСІН ЖЕЙДІ. ҰЙҚЫСЫЗ БОЛСА ӨЗ МИЫН ЖЕЙДІ. СҮЙІСПЕНШІЛІГІ БОЛМАСА, ӨЗ ЖАНЫН ЖЕЙДІ
Жаса, тұрғыз. Құр сөзбен қуырдақ қуырма. Ештеңеге ұмтылмаған адам барлық нәрседе сәтсіздікке ұшырайды.
Ештеңеге зорлық қылма. Сол күйінде қалдыр. Болуға тиіс болса болатын болады. Күтіп отырма, белсенді бол.
Егер біреудің білмейтінін білсең, оған үйрет. Егер біреудің білетінін білсең, оны тыңда. Егер біреу не білетінін білмесе, оны оят. Егер біреу білмейтін нәрсесін білгісі келмесе, одан аулақ бол.
Ата-анаң бақилық болып кетеді. Ағайындарың өз-өзінің өмірін ойлайды. Бала-шағаң уақыты келгенде ұядан ұшып кетеді. Ақыр соңында жаныңда жұбайың ғана қалады.
Басқалардан көмек күтпе, өйткені кейін қарыздар болып қаласың. Саған көмек қажет емес екеніне өзіңді сендір. Барлық күшті өзіңнен табасың.
Күліп тұрған адам мен шығып келе жатқан күн екеуі әрқашан жылы болады. Өзін таныған адамнан басқалар туралы жаман сөз естімейсің. Қызғаныш болмаған кезде көңіл берік болады.
Төзім негізінен жақсы қасиет. Бірақ үнемі төзе беруге өмір тым қысқа.
Сыртқы әдемілігің сенің еңбегің, ішкі әдемілігің сенің тәрбиең.
Біреу қорласа, ешқашан бірдей жауап берме. Ақымақ адамдар әлсіз болады, сондықтан олар қорлауға, жанжалға бейім. Сені шайнамай жұтып қоюы мүмкін.
Сені бақытты ететін, қолдайтын және жақсартатын ерекше бір адамды өміріңде бір рет қана кездестіресің. Ондай адамды жіберме.
Анда-санда болса да өзіңді барлығынан оқшаулап үйрен. Кез келген жаққа жүріп көр. Жалғыз болу деген жаман нәрсе емес. Шығар жолды іздеудің тағы бір мүмкіндігі.
Бала кезіңде ғылым үйрен. Жігіт кезіңде жұмыс істеп үйрен. Жас шағыңда жалынды бол.
Қарттыққа берілме. Барлығы сенің ойлағаныңдай болмайды. Болуы да тиіс емес. Мүмкін болса барлық затқа құрметпен қара. Бұл дүние тек сен екеуіміз үшін ғана емес.
Дұрыс энергиялы болу дегеніміз бақытты өзіне тартатын күш. Сен дұрыс энергиялы болсаң жақсы нәрсенің бәрі саған қарай тартылады. Бұны ғаламның тартылыс заңы деп атайды. Адамға деген сенімін жоғалтпағандар ғана адамға адал болады.
Ұғатын адамға бір сөздің өзі асыл қазына. Ұқпайтынға мың ақылың да мылжың болмақ. Ақымақ өзінің қателіктерін дұрыс дегізу үшін жұмыс жасаса, ақылды адам өзінің қателіктерін түзету үшін жұмыс істейді.
Нашар адам мүмкіндіктер арасынан тек қиыншылықты тауып көреді. Керісінше, оптимист барлық қиын жағдайларда бар мүмкіндікті тауып пайдаланады.
Жылағың келіп тұрса да күл. Тізерлегің келсе де тұрып кет. Құлдырағың келіп тұрса да өрле. Көңілің қалса да тырмыс. Себебі, қиындықты қашып емес, кешіп жеңеді. Сені бағаламайтын адамдармен қоршалғаннан гөрі жалғыз тұрған жақсы.
Жігерсіз адам тұйыққа тіреліп, ниетсіз адам құр қалады. Сондықтан өз көңіліңе мұқият бол.
Ең алдымен ойыңдағы бұғаулардан арыл. Ой өлшемін кеңейт. Олай етпесең, ойың сені бұғаулармен матайды да, мүмкіндігіңді жоғалтасың.
Біреу сенен бас тартса, оған қайғырма. Адамдар көбінесе құнды нәрседен бас тартып, арзан нәрсеге қарай барады.
Кішкене кезінде балаңды сүйіспеншілікке бөлемесең, кейін одан сүйіспеншілік сұрай алмайсың. Сүйіспеншілікпен өскен бала ғана сүйе алады.
Қандай халықтан қандай патша жарқырап, қандай ата-анадан қандай ұл мен қыз туарын түсінгенде ғана жақсы заман мен жақсы қоғамның іргетасы қаланады.
Адам тамағы болмаса өз денесін жейді. Ұйқысыз болса өз миын жейді. Сүйіспеншілігі болмаса, өз жанын жейді.