Адамдар қандайсыңдар?..
*Адамдар өз шамасын асыра жоғары не тым төмен бағалайды. Кемелдікке жетпейтіні содан.
*Адамдар өзін емес өзгені сынауға жаттыққан.
Араздықтың туатыны осыдан.
*Адамдардың қабілеті өзгенің жетістігін емес кемшілігін көруге жетілген.
Алауыздықтың шығатыны содан.
*Адамдар істе мүмкіндік іздеуден гөрі сылтау іздеуге шебер. Табысқа жетпейтіні содан.
*Адамдарда қызығу сезімінен қызғану сезімі басым. Бақталастықтың өршуі содан.
*Адамдар мені күтіп қалмасын деуден өзім күтіп қалмайын дегіш. Тәкәппарлықтың басы осыдан.
*Адамдар өзінің орнын емес өзгенін орнын көздегіш.
Өкініштен арылмайтыны,өстескіш келетіні содан.
*Адамдар өзге туралы білуге емес өзі туралы айтуға құмар.
Өзара түсінісудің кем болатыны осыдан.
*Адамдар салдарды себептен демейді кенеттен дейді.
Күдіктің басталатыны осыдан.
*Адамдар құрметті абыройдан емес атақтан келеді деп сенген. Даңққұмарлықтың асқынуы осыдан.
*Адамдар өз бағасын өзімен емес алған сыйлықпен өлшегіш. Атаққұмарлықтың өршуі осыдан.
*Адамдар асылды құпиядан емес жариядан іздегіш.
Қадірдің қашуы осыдан.
*Адамдар көңілмен сезетін дүниеге емес көзбен көретін дүниеге құмар.
Дүниеқұмарлықтың меңдейтіні содан.
*Адамдар бақи дүниден гөрі фәни дүниені ойлағыш.
Өткенді аңсай беретіні содан.
Зәуре Дәулетованың фб-дағы парақшасынан