АДАМДАР КӨҢІЛІНДЕ ЖҮРГЕН НӘРСЕНІ ЕСТИДІ, ТЫҢДАЙДЫ, КӨРЕДІ, ТАБАДЫ…

Бір индус жігіті Нью-Йорктың орталығында келе жатып, шегірткенің даусын естіп қалғанын досына айтыпты.
Досы: «Мына үлкен қаланың шуынан шегіртке дауысын есту мүмкін емес», — деп жауап бергенде ол күлімсіреп жақын маңдағы дүкен терезесінің алдындағы ыдысқа түсіп кетіп шырылдап тұрған шегірткені тауып алып, досына көрсетіпті.
Досы: » Сенің есту қабілетің керемет екен!,-дегенде индус жігіті:
«Жоқ, олай емес, адам баласы тек ойында жүрген нәрсенің дыбысын ести алады» депті де қалтасынан бірнеше тиынды алып жол үстіне шашып қалады.
Жанынан өтіп бара жатқан адамдар сылдырлаған тиындардың дауысын естіп, барлығы да бұрылып қарапты.
«Көрдің бе?»,-депті индус жігіті: «Адамдар көңілінде жүрген нәрсені қандай жағдайда болса да естиді, тыңдайды, көреді, табады»,- деп түсіндіріпті…
Амантай Тойшыбайұлы.