«Адамды адам ететін – мейірім мен қайырымдылық»
Дана халқымыз бекер айтпаған.
Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
Бүгінде игі істі мақсат еткен жандар жоқ емес. Олар әрқашан көмекке мұқтаж жандарға бірінші болып қол ұшын созып, тағдырдың тауқыметіне ұшырағандарды желеп-жебеуге дайын.
Соның бірі Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы әкімдігі және қала әкімі Дархан Тобашұлының бастауымен, жүрегінде жанға деген жанашырлығы бар , мұқтаж жандарға қол ұшын беріп жүрген бір топ қаламыздың азаматтары мен азаматшаларын жинап, қала тіршілігімен , атқарылып жатқан игі істермен таныстырып, сол жомарт жандарды Қаратау қаласының 60 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.
Жастарға үлгі болып ,қаламыздың көркеюіне ат салысып жүрейік! Марапаттарымыз құтты болсын!
Райса Несіпбаева