Адамзат экологиялық қауіптің алдында тұр

                                                                            ЭКОНОМИКАДАН НЕ ПАЙДА, ЭКОЛОГИЯҢ БОЛМАСА…

 

2017 ж. 28 наурыз күні Астанадағы «Қобыз сарайында» «Қазіргі экологиялық ахуал: әлемдік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктер» тақырыбында халықаралық экологиялық конгресс өтті.  Конгреске алыс-жақын шет елдерден қонақтар шақырылыпты.  Бір күнге созылған конгресте айтылмаған ұсыныс, көтерілмеген мәселе қалмады.

%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%ba

 

Ж А Р И Я С Ө З

Республикалық  «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы  Астана қаласындағы   Тілеп Қобыз сарайында 2017 ж  28 наурыз күні «Қазіргі экологиялық ахуал: әлемдік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктер»  ( ЭКСПО-2017 қарсаңында) тақырыбына

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  КОНГРЕСС ұйымдастырды.

 

Конгресс  3 панелдік сессиядан тұрды:

І панельдік  сессия  — ТАБИҒАТ ПЕН АДАМ

Тірек тақырыптар:

  • Жаңа экологиялық дәуір – антропоцен: негізгі көрініс нышандары мен салдары;
  • Климат мәселелері, Жер атмосферасының ластануы;
  • Ауыз су мәселелері;
  • Флора мен фауна мәселелері;
  • ГМО, пестицидтер мен гербицидтер.

 

ІІ панельдік сессия — «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ЖӘНЕ ОРНЫҚТЫ ЭКОСФЕРА

Тірек тақырыптар:

  • «Жасыл экономика» (ЖЭ) мен Орнықты экосфера (ОЭС): мазмұн, стандарттар мен қалыптасу;
  • ЖЭ мен ОЭС-ның әлеуметтік-экономикалық негіздемелері;
  • ЖЭ мен ОЭС қалыптасуының заңдық-құқықтық шарттары;
  • ЖЭ мен ОЭС қызметтерінің ақпараттық-технологиялық факторлары;
  • ЖЭ мен ОЭС дамуының ұйымдық-басқару тетіктері;

ІІІ панельдік сессияЭКОЛОГИЯ МЕН МӘДЕНИЕТ

Тірек тақырыптар:

 

  • Индивид пен қауымдастықты экологиялық тәрбиелеу;
  • Экологиялық білім беру және экологиялық ойлау жүйесі мен экологиялық сананықалыптастыру;
  • Гуманистік экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Конгресте  Нобелдік  Бейбітшілік сыйлығының  иегері және  Жүлде тағайындау жөніндегі Халықаралық «Жаһандық қуат» комитетінің мүшесі,  Новель сыйлығының иегері – Рае Квон Чунг (Оңтүстік Корея) скайп арқылы баяндама жасады;

Колумбия университетінің профессоры – Рафис Абазов (АҚШ); Әсел Арыстанбекова, Управляющий директор Агентства корпоративного развития «КСО Центральная Азия» (CSR Central Asia»), Қырғызстан  тағы басқалары шақырылды.

Конгресс жұмысына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақстандық ғалымдар мен мамандар атсалысты:

Олжас Омарұлы Сүлейменов, Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Орақ Жолмырзаұлы Әлиев, Ирак Елекеев, Зәуреш Батталова және т.б.

Әсіресе жанайқайға толы көзқарастар мен тұжырымдардың орны бөлек. Қатысушылар арасындағы белсенді азаматтар климаттың өзгеруін, өндіріс орындарының артық шығыннан қашып, улы химикаттарды алаңқайларға төгетінін, өзендерге құятынын ащына жеткізді. Еліміздегі ауыз су проблемасы мен ауыл шаруашылығындағы пестицидтер мен гербицидтерді қолдануға дейінгі сан алуан экологиялық мәселелер талқыға салынды.  Семей полигонының зардаптарынан әлі күнге арыла алмай келе жатқанымыз, оның мутациялық әсері жайлы да толғамды ойлар айтылды. Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі де ескерусіз қалмады.  Әсіресе, отбасыдан басталатын балалардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыру жайлы баяндамалар өзектілігін жоймасы анық.

8beb8f90bc5521b5aee9f0312477accb_l

«Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы туралы бірер сөз. Естеріңізге салайық, былтыр қазан айында Астана қаласында «Невада-Семей» қозғалысының дарабозы, ақын, қоғам қайраткері  Олжас Сүйлейменов бас болып «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсын құрған еді. Ондағы мақсат әлемнің мазасын қашырған экологияға үн қату болатын. Себебі Қазақстандағы экологиялық мәселе өте өткір тұр. Проблема шаш-етектен.  Осы мақсатта жарты жылдың ішінде «Байтақ Болашақ» Экологиялық альянсы Ақсақалдар алқасын құрып үлгеріпті. Онда елімізге танымал 24 тұлға тіркеліпті. Олардың қатарында  Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, қоғам қайраткері Амангелді Айталы, академиктер Төрегелді Шарманов,  Асқар Жұмәділдаев секілді азаматтар бар.  Ақсақалдар алқасының төрағасы Олжас Сүлейменовтың өзі.

Белгілі америкалық эколог — ғалым  Б. Коммонның айтқаны бар екен: адамдар осы түрімен кете берсе, экология оларды 20-30 жылда «жеп» қояды. Өйткені адамдар өздеріне көр қазып жатыр деп. Осы сөз шындыққа жанасама деген ойға қалдық. Өзгені қайдам, бүгінгі қазақ даласы экологиялық тұрғыдан қатты «шаршап» жатыр.  Обалы нешік, елімізде жасыл экономикаға көшу жөніндегі бағдарлама бар. Бірақ оны әлі аяқтан тұрып кетті деу — асығыстық болар. Жасыл экономика демекші, оны дамытуға Қазақияның қауқары жетеді. Бірақ елімізде белгілі бір экологиялық стандарттар қалыптаспағаны қол байлау. Кішкентай ғана мысал. Ел тұрғындары органикалық тамақ пен органикалық емес тамақты ажырата алмайды. Өндіріп жатқан өнімдеріміздің көбі пестицид, гербицит секілді қытайдың улы химикаттарының күшімен шығып жатыр. Мемлекеттің тірегі адам саналса – оның не ішіп жатқаны басты назарда болғаны дұрыс-ау…

«Ауызды қу шөппен сүртпейік», экологиялық бағыттағы әртүрлі ұйымдар да баршылық. Олардың саны бүгінде 180-нен асыпты.  Табиғатты қорғау, өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кетпеуіне атсалысу  секілді мәселелерді қаузап жүрген үлкенді-кішілі қоғамдық ұйымдар да жетерлік. Бәрінің ниеті оң. Әттең оларда жұмыс жасайтын адамдар саны аз. Оның себебі «Басқа тартсаң аяққа жетпейтін» қаржы баяғы.

Дамыған елдер экологияны қырағылықпен қадағалап, табиғат ананың жанын жараламау үшін бар мүмкіндікті жасауға бейіл. Әйтпесе экологияның зардабы мемлекеттің құлдырауына, қоғамның бұзылуына апарып соғарын біледі.

Әлемнің дамыған елдері және халықаралық сарапшылар адамзат 2050 жылы үлкен экологиялық апатты бастан кешіруі мүмкін екендігін болжап қойды. Себебі, ол кезде жер бетіндегі халықтың саны 10 миллиярдқа жетеді. Егер адамдар тарапынан табиғатқа деген жайбасарлық осылай жалғаса берсе келешегіміз бұлыңғыр.

Алыстан қылаң берген қауіптің алдын алу үшін әлемнің үздік елдері экономиканы ысырып тастап, бар назарын экологияға аудара бастады.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті:

— Біздің нақты мақсатымыз. Бізде қандай проблемалар бар. Соны зерттеп, соның шешу жолдарын ұсыну. Және қазір ілемдік жағдайда экологиялық ахуалдар бар. Соларме қалай күрес жүріп жатыр? Сол тенденцияға,  сол іске біз қалай қосыла аламыз? Солармен қалай жұмыс істейміз? деген бағытта осы конгрессті ұйымдастырып отырмыз.

 

 

ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚПЕН ҚАРАМАЙ ӨРГЕ БАСУ МҮМКІН ЕМЕС

 

Елімізде қоршаған ортаны қорғауға баса назар аударып отыр. Табиғатқа залал келтірмей, жер ресурстарын тиімді пайдалануды көздейтін «Жасыл экономика» EXPO-2017 көрмесінде басты тақырыпқа айналады. 2018 жылды «экология жылы» деп атау туралы ұсыныс та бар. Ал ақын, қоғам қайреткері Олжас Сүлейменов әрбір қазақстандықты ағаш отырғызуға үндеді.

%d0%be%d0%bb%d0%b6%d0%b0%d1%81-%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2

Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері:

— 24 млрд тонна өндірістік қалдық жерде жатыр. Су уланып жатыр. Жер уланып жатыр. Табиғатты қорғау болашақты қорғау, өмірді қорғау. Осы мақсатта «Байтақ болашақ» альянысы құрылып жатыр. Бұл бірінші конгересс. 

 

Олжас Сүлейменов «Байтақ Болашақ» Экологиялық альянсы Ақсақалдар алқасының төрағасы, ақын: Экологиялық мәселе бүгінгі таңда ең өзекті проблема болып тұр.  Мен бұл жайлы айтпас бұрын мынаға тоқталғым келеді.  ХХ ғасырдың басында қазақ 6 млн, көршіміз өзбек 3 млн шамасында болыпты.  Міне, бір ғасыр өтті қазақ 10 млн-ға әрең жеттік. Өзбектер 31 млн-нан асып жығылды. Бұл ненің белгісі? Меніңше экологияны сақтап, таза өнімді тұтынған халықтың алар асуы биік дегенді білдіреді. Әрине қазаққа кеңестік заманның зардабы көп тиді. Колхоздастырудың дұрыс жүргізілмеуі, Семейдегі ядролық жарылыстар,  Байқоңырдағы зымыран сынақтары. Солардың кесірінен даламыз өртке оранды, ауламыз уға бөкті. Халық аштықтан қырылды. Ал өзбектер ондай нәубетке ұрынбады. Аштық алқымнан алған уақытта бақшасынан нәпақасын тапты. Олар күні бүгінге дейін табиғатқа жанашырлықпен қарап келеді. Соның арқасында өсіп-өнуде. Құнарлы тамақ олардың демографиясына серпіліс әкелді. Ал бізде керісінше. Экологияның бұзылуынан жастарымызда белсіздік көп. Еңбекке жарамсыз балалар саны жыл өткен сайын артуда.  Өзбектер мұның бәрінен ада. Өзбектерде көшедегі су ағатын арыққа қоқыс тастасаңыз үлкен көлемде айыппұл төлейсіз. Себебі арық су өтетін канал. Ол тіршілік көзі. Оны ластау кешірілмес күнә.  Сосын өзбектер жерге жабысады. Азығын жерден алады. Таза табиғи өнімді тұтынады. Ең кереметі- еңбекқор.

Біздің министрлер мен әкімдер солардан көп нәрсені үйренсе керек-ті. Халыққа адал қызмет етудің басты шарты – өзі басқарып отырған аймақтың экологиясына көңіл бөлу екенін олар қашан ұғады.

Біздің «Байтақ Болашақ» Экологиялық альянсын құрудағы мақсатымыз экологияны сақтау арқылы болашаққа сенім қалыптастыру. Ол үшін алдымызда көп жұмыс тұр. Мен осы конгресті пайдала отырып, ақыл-ойы келісті, санасы алғыр, ұрпақ үшін алаңдайтын әрбір қазақстандықты бір тал ағаш отырғызып, экологияға өз үлесін қосуға шақырамын.

%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%ba

Республикалық  «Байтақ Болашақ» Экологиялық Альянс» Қоғамдық Бірлестігінің

  ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 18 МИЛЛИОН ТАЛШЫБЫҚ ЕГУ БАСТАМАСЫ ЖӨНІНДЕГІ

 

Ү Н Д Е У І

 

ҚҰРМЕТТІ   ОТАНДАСТАР!

 

Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан біздің апайтөс Ұлы Даламызда орман-тоғайлар мәселесі бүгінгі таңда барынша өзекті әрі маңызды болып отыр.

Өйткені, әлемде 9-орын алатын және 2 724,9 мың. шм² аумағы бар жерімізге ағаш-тал табиғаты  сараң біткен. Осы алып жеріміздің бар болғаны 1,2 % бөлігін ғана орман-тоғайлы (ағаштұқымдастардың 68 түрі өседі) аймаққа жатқызамыз, ал  сексеуіл тоғайлары мен бұтақты өсімдіктерді қоссақ, небәрі орманды алқап — 4,2 % (бұтақты өсімдіктің 266 түрі бар).

Бұл жағдай климаттың да, ауаның да адамға қолайсыздығын тудырып, өмірімізге қаупін күшейте түседі. Оның үстіне жеріміздің 58 %  бөлігін шөл мен шөлейт аймақтар, 10 %  таулы өлке алып жатыр.

Жерлестер, отандастар!

Егемен елдің өз жерін өз азаматтары ғана аялайды, баптайды. Солайша ғана өз жерімізге өзіміз қожайын екендігімізді дәлелдейміз.

Біз Сіздерді алдағы уақытта 18 миллион қазақстандықтың атынан 18 миллион түп шыбық отырғызуға және оны күтіп-баптауға шақырамыз. Бұл ізгілікті істі атқаруға барлық тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті билікті және қоғамдық ортаны, жастар ұйымдарын белсене атсалысуға үндей отырып, жалпықазақстандық бұл аяулы шараға жаппай кірісуге шақырамыз.

Ұлы Далаға – Ұлы Істер лайық!

Республикалық  «Байтақ Болашақ» Экологиялық Альянс» Қоғамдық Бірлестігі

АСТАНА. 21.03.2017 ж.

 

 

Бұл жағынан бізде де бір серпіліс байқалады. Былтыр қазан айында Астана қаласында «Невада-Семей» қозғалысының дарабозы, ақын, қоғам қайраткері  Олжас Сүйлейменов бас болып «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсын құрған еді.  Жарты жылға жуық тынымсыз жұмыс жасаған қоғамдық ұйым 28 наурыз күні Астанада «Қазіргі экологиялық ахуал: әлемдік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктер» тақырыбында халықаралық экологиялық конгресс өткізді.  Конгреске алыс-жақын шет елдерден қонақтар шақырылыпты. Бір күнге созылған конгресте айтылмаған ұсыныс, көтерілмеген мәселе қалмады. Әсіресе жанайқайға толы көзқарастар мен тұжырымдардың орны бөлек.

 

Қатысушылар арасындағы белсенді азаматтар климаттың өзгеруін, өндіріс орындарының артық шығыннан қашып, улы химикаттарды алаңқайларға төгетінін, өзендерге құятынын ащына жеткізді. Еліміздегі ауыз су проблемасы мен ауыл шаруашылығындағы пестицидтер мен гербицидтерді қолдануға дейінгі сан алуан экологиялық мәселелер талқыға салынды.  Семей полигонының зардаптарынан әлі күнге арыла алмай келе жатқанымыз, оның мутациялық әсері жайлы да толғамды ойлар айтылды. Халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі де ескерусіз қалмады.  Әсіресе, отбасыдан басталатын балалардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыру жайлы баяндамалар өзектілігін жоймасы анық.

Айтпақшы  ұйым басшылары  2018 жылды экология жылы деп жариялауды ұсынды. Ол үшін Қазақстанның әр азаматы биылдан бастап бір тал шыбықтан егіп, табиғаттың жандануына қолғабыс тигізсе болады. Айта кетейік, конгреске қатысушылар жиын соңында «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы бұрынғы «Невада-Семей» қозғалысының ісін жалғастырып, экология мәселелерін жеріне жеткізе алады деген ниетпен тарқасты.

 

        КОНГРЕС – ҚАЛҒЫП КЕТКЕН ҚОҒАМДЫ ОЯТУДЫ  ҚАЛАЙДЫ                                      

%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82-%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d1%80%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2«Байтақ Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртаев: — «Бүгінгі конгресс — ол қазіргі заманның талабы. Өйткені әлемдік ауқымда қарайтын болсақ, экологиялық мәселелер күннен-күнге көбейіп келеді. Біріншіден, климат өзгеріп жатыр. Екіншіден, адамдардың денсаулығы нашарлап келеді. Соның барлығы табиғатты қорғауға тікелей байланысты. Осыған орай біз Қазақстандағы эколог ғалымдардың басын қосып, осы саладағы өзекті деген мәселелерін талқылап отырмыз. Негізгі мақсатымыз — нақты проблемаларды анықтап, соны шешу жолдарын ұсыну. Сосын әлемдік жағдайда қандай экологиялық ахуалдар бар? Олармен қалай күресіп жатыр? Осы үдеріске біз қалай қосыла аламыз? Олармен бірге қалай жұмыс істейміз? Міне, сол үшін біз бүгінгі конгресті ұйымдастырдық. Альянс бүгінгі конгресс арқылы экология мәселесіне тағы бір мәрте баса назар аударып, осы саладағы ғылыми-зерттеу институттарының жұмысына жаңаша серпін беруді көздейді..Негізгі мақсатымыз — нақты проблемаларды анықтап, соны шешу жолдарын ұсыну. Сосын әлемдік жағдайда қандай экологиялық ахуалдар бар? Олармен қалай күресіп жатыр? Осы үдеріске біз қалай қосыла аламыз? Олармен бірге қалай жұмыс істейміз? Міне, сол үшін біз бүгінгі конгресті ұйымдастырдық. Альянс бүгінгі конгресс арқылы экология мәселесіне тағы бір мәрте баса назар аударып, осы саладағы ғылыми-зерттеу институттарының жұмысына жаңаша серпін беруді көздейді..

 

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТЫ — ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАНДАНДЫРУ

%d1%81%d0%b0%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b8%d1%8f%d1%80Садық Бақтияр, Қазақтың малшаруашалығы және мал азығын өңдеу ғылыми институтының ғылыми қызметкері, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, ауылшаруашылығы акадмиясының академигі, БҰҰ сарапшысы: Конгресте келешекке керек келелі мәселелер қаралып отыр. Соның бірі еліміздің жасыл экономикаға көшу жағдайындағы қандай бағытты ұстанатыны жайлы өрбіді. Жалпы жасыл экономика деген не? Ол экологиялық ахуалды жақсартуға инвестиция жасап, экономиканы орнықты дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту дегенді білдіреді.

Осыдан үш жыл бұрын елбасы қол қойған ҚР жасыл экономикаға көшу концепциясы бекітілген болатын. Сонда әр салалар бойынша қандай жұмыстар атқарылатыны нақтылынғаны белгілі. Инвестиция тарту да, оны қалай жүзеге асыруда бар. Мен сол концепцияны жасақтау барысында ауылшаруашылығын орнықты дамыту бойынша сарапшылар тобында болдым. Сонда бар мәселені сараптай келе мынадай тұжырымға келдік.

  1. Жердің тозуын тоқтату үшін тозған жерлерді қалпына келтіру керек. Бұл жағдайда біздің республикада өте күрделі мәселе бар. Мысалы тың немесе тыңайған жерлерді игеру кезінде егіске жарамды да, жарамсыз да жерлердің барлығы жыртылып, кейін өнім шықпай бос қалған атыраптар жетерлік. Ондай жерлер елімізде 10-12 млн гектар алқап. Егер осы жерлерді қалпына келтіріп қайта іске қосатын болсақ, бұл жасыл экономиканы ілгері қозғалтудың бірден бір жолы.
  2. Біз жайылымдардың көптігі жағынан әлемде 5 орын аламыз. 186 млн га артық жеріміз бар. Бұл дегеніміз үлкен табиғи ресурс. Себебі бұл ресурстардың ерекшелігі жылда жаңарып отырады. Осының бәрін қосып есептеген кезде жылына 25 млн тонна азық беруге тең екен. Конгресте экологияның көтерілуі, жерге деген халықтың қызығушылығын оятады деп сенемін. Ұйымдастырылуы да ерекше ұнады.

 

                     

МАҚСАТЫМЫЗ: БИЛІКТІҢ КӨЗІН АШЫП, ХАЛЫҚТЫ ОЯТУ…

%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96-%d0%b0%d0%b9%d1%82%d0%b0%d0%bb%d1%8bАмангелді Айталы, қоғам қайраткері: Экологиялық мәселе әлемді қоя қояиық, елімізде өте асқынып кеткені анық. Бірақ адамзат үмітпен өмір сүреді ғой. Сондықтан асқынған мәселені шешуде конгресте әртүрлі пікірлер айтылды. Оптимистік көзқарастағылардың айтқандарын сараласақ: Жағдай қиын, бірақ шешуге болады. Пессимистік пиғылдағы тұжырымдамалардан адам шошиды. Олардың түңілгендеріне қарасақ: Адам баласының барлық ресурстары азайып, жер бетінен жойылып кету қаупі туып тұр. Үшінші  бағыттың ұстанымы: Анархисттік, радикалдық. Бүгін ел болып көтеріліп, жайбырақат жағасы жайлауда отырған билікке қатаң талап қоймасақ, ертең бәрі кеш. Мұның барлығы қоғамдағы қалыптасқан мәселені шешуге бағытталған ізденістер жиынтығы. Біз бұдан шошымауымыз керек.

Бір кездері «Невада — Семей» қозғалысы еліміздегі полигонды жапқаннан кейін, экологиялық мәселені жеңгендей болып көрінген. Сөйтсек ол тек бір қыры ғана болып шықты ғой. Қазіргі экологиялық жағдайды менің екіге бөлгім келеді. 1. Полигон заманындағы Қазақстандықтар; 2. Полигоннан кейінгі бүгінгі ұрпақ;  Полигон дәуіріндегі адамдар экология бұзылса неге апарып соғатынын бажайлады. «Іштері қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ».

Бүгінгі ұрпақ сол полигонның зардаптарына,  қазіргі экологиялық мәселелерге бей-жай қарайды. Мұның себебі: қоғамның енжарлығында.

Меніңше құрылып отырған қоғамдық қозғалыс біріншіден; биліктің бүгінгі экологиялық проблемаларды шешуіне түрткі болуы керек. Қауіп – қатердің алдын алуға бірлесе жұмыс жасауға күш салуға тиіс. Егер оған шамасы жетсе.

Екіншіден; халықтың мәдениетін тәрбиелеу маңызды. Мысалы айтайық – ұрлық. Экологиялық қылмыс. Бұл да бір кең етек алып бара жатқан нәрсе. Осы қылмыстардың өзі – тұрмыстың нашарлығынан орын алып жатыр. Мынадай бір заңдылық бар. Ішерге асы, басында баспанасы, тұрақты жұмысы бар қоғамда, адамдар экологияға басқа көзқараспен қарайды.

Ал ондай деңгейге жетпеген халықтар ұрлыққа бейім тұрады. Табиғатты аямайды. Ертеңіне селсоқ. Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру қай заманда болмасын бірінші орында тұруы тиіс. Онсыз экологияны реттеу – мүмкін емес.

20170328_164003

Конгрестің мүшесі ретінде айтарым: Конгрестің мақсаты: Қазақстан қоғамын ояту, экологиялық мәселелерге көңілдерін бөлгізу. Ояту үшін ағартушылық пен ақпарат қажеттігі туындайды. Сол себепті бұл бастаманы бір бетбұрыстың басы деп сенейік. «Үмітсіз шайтан» ғана емес пе?

Осылай деп экологиялық конгресс қатысушылары дабыл қақты.

2050 жылға қарай жер бетіндегі халық саны 10 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Осыған орай ауа ластанып, адам денсаулығына орасан зор қауіп келуі мүмкін. «Байтақ болашақ» альянсы ұйымдастырған халықаралық конгресте, экологтар осылай деп дабыл қақты.2018 жылды «экология жылы» деп жариялауды ұсынды. Ол үшін Қазақстанның әр азаматы биылдан бастап бір тал шыбықтан егіп, табиғаттың жандануына қолғабыс тигізсе болады. Айта кетейік, конгреске қатысушылар жиын соңында, Үндеуеу жариялап,Қарар қабалдап«Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы бұрынғы «Невада-Семей» қозғалысының ісін жалғастырып, экология мәселелерін жеріне жеткізе алады деген ниетпен тарқасты.

 

%d1%81%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%be%d0%ba

Астана. 28.03.2017 г.

 

2017 жыл 28 наурызда

«Қазіргі экологиялық ахуал: әлемдік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктер»  (ЭКСПО-2017 қарсаңында) тақырыбына өткен 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  КОНГРЕСС

ҚАРАРЫ

 

2017 жылы 28 наурызда Республикалық  «Байтақ Болашақ» Экологиялық Альянс» Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастырған «Қазіргі экологиялық ахуал: әлемдік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктер»  ( ЭКСПО-2017 қарсаңында) тақырыбына ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  КОНГРЕСС өтті.

Конгресс жұмысына мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері, ғылыми-білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасындағы шетелдік елшіліктердің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстанның, АҚШ-тың іскер адамдары қатысты. Конгресс тақырыбын үш сессия бойында жан-жақты талдау  барысында заманауи адамзаттың өзекті экологиялық мәселелері әлемдік үрдістер мен ұлттық ерекшеліктер тұрғысынан қарастырылып, олардың негізгі шешу жолдары белгіленді.

 

ҚАРАР қабылданды:

 

  1. Бұдан әрі бүкіл адамзаттың аман қалуы мен дамуы үшін ерекше өзектілігі мен маңызын ескере отырып, мемлекеттердің (соның ішінде Конгреске қатысушы елдер үшін) мемлекеттік саяси жүйесінде экология мәселелерін шешу – адамдар арасындағы және адам мен оның тіршілік ортасындағы үйлесім, табиғи сәйкестілік орнату және институционалдық нормалар мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімді түрде жүзеге асуы басым саясат болып есептелсін.
  2. Болашағы зор инновациялық экологиялық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда, сондай-ақ халықтық инвестицияны (краудинвестинг) дамытуда мемлекеттік органдарға, халықаралық және ұлттық қоғамдық ұйымдарға, түрлі қайырымдылық қорлары мен ауқатты адамдарға жан жақты үлес қосу ұсынылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2018 жылды «Экология жылы» ретінде жариялау ұсынылсын.
  4. Конгреске қатысушы елдердің Білім беру министрліктеріне түрлі күрделіліктер дәрежесін ескере отырып, балабақшадан жоғары оқу орындарына дейінгі сатыда мамандандыру түріне қарамастан үздіксіз тәрбие мен білім беру аясында «Экологиялық мәдениет»  пәнін әзірлеу мен енгізу ұсынылсын.
  5. Халықаралық Экологиялық Конгреске дәстүрлі сипат беру мен оны жылына бір рет жаңа қатысушы елдерді, халықаралық экологиялық ұйымдарды және ЮНЕСКОны тарту арқылы өткізілсін.

 Дайындаған : » ЕлАна»