ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕР МЕН ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге онлайн форматында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ талдау нәтижелерімен мемлекеттік органдардың қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді алдағы уақытты болдырмау үшін заңнама нормаларын түсіндіру болып табылады.
Семинар-тренинг барысында мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайдағы мәселелеріне жүргізілген талдаулардың қорытындылары бойынша тәжірибеден алынған кейстер қаралды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің арасында заңнама талаптарын сақтау бойынша тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы жеткізілді.