Әділет иесі «әділеттіктен» аттап кетті
Атырауда сот-медициналық сараптамасының сарапшысы үй қамағына алынды деп хабарлайды №2 қалалық сотының баспасөз қызметі.
Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сот сарапшысына қатысы «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын және оның сыбайласына қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
Тергеу дерегінше, сарапшы жалпы сомасы 20 000 АҚШ долларын құрайтын пара алуға қастық жасағаны үшін күдіктенеді. Қылмыстық істің екінші фигуранты лауазымды тұлғаның пара алуына көмектескені үшін күдіктенеді. Қылмыстық істің толық мән-жайы тергеу мүддесінде жарияланбайды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.