ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ

Акция аясында құқықтық көмектер көрсетілді
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында Жамбыл облысы Әділет департаментінің бастамасымен Тараз қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне байланысты «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Акцияда прокуратура органдарының қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет, мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, адвокат, нотариус, заң кеңесшілері азаматтарды қабылдады. Шара барысында тұрғындар өздерін мазалаған мәселелерді көтерді. Туындаған сұрақтарға заң аясында жауаптар беріліп, халыққа құқықтық көмектер көрсетілді.
Аталмыш шараның мақсаты — тұрғындардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне тегін заң кеңестерін ұсыну және туындаған проблемалық мәселелердің шешімін табуға құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Байзақ ауданы