Әділет пен Данияр алтын жүлде алды
Румынияның Бухарест қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Аталған байрақты бәсекеде еліміздің құрама сапынан сынға түскен 74 килограмм салмақтағы Данияр Қайсанов пен 92 килограмм салмақтағы Әділет Дауланбаев барлық қарсыластарын ұтып, алтын медаль иеленді.
Одан бөлек, ел құрамасының 9 балуаны жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 57 килограмм салмақта Абзал Өкенов, 79 килограмм салмақта Жігер Зәкіров, 125 килограмм салмақта Үсіп Батырмұрзаев күміс жүлдеге қол жеткізді. 79 килограмм салмақта өнер көрсеткен жамбылдық жерлесіміз Дәулет Ергеш осы турнирдің қола жүлдесін еншілеп, қуантып отыр. Сонымен қатар 79 килограмм салмақта Бейбарыс Нұрыллаұлы, 86 килограмм салмақта Ислямбек Ислямов, 92 килограмм салмақта Бекзат Үркімбай, 97 килограмм салмақта Серік Бақытханов, 125 килограмм салмақта Олег Болтин қола жүлдеге қол жеткізді. Біз жерлесіміз Дәулет Ергештің алдағы уақытта да жеңіске жете беретініне сеніміміз мол.
Есет ДОСАЛЫ, Ақ жол газеті