АЭС құрылысы: болашақ пен даму кепілі
Атом электр станциясы көмірқышқыл газының эмиссиясын әжептеуір азайтады. Яғни бұл жердегі «эмиссия» деп отырғанымыз – СО2-нің топырақ бетінен атмосфераға баруын сипаттайтын үдеріс.
Біз сүйенген дереккөздегі мәлімет бойынша, сарапшылар АЭС-ті парниктік газдың атмосфераға кетуімен күресетін бірден-бір тәсіл ретінде қарастырады. Мысалы, АҚШ-тағы National Renewable Energy Laboratory мәліметінше, АЭС көмір станцияларына қарағанда атмосфераға көмірқышқыл газын 100 есе аз шығарады.
Атом энергиясының көмір мен мұнайға қарағанда экологиялық «таза» болуы – міне, сол себептен.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Асан Тлемисов