АҒАЛАРЫМ

Сарғайған сары күздің жүзін қара,
Құйынның қырдан көшкен ізін қара.
Сөгілген қабырғасы қаратаудың,
Жан-кеудем жауар бұлттай бұзылды аға.
Қасқалдақ қара бауыр, Қаранарым,
Білемін жан кеудеңде жара барын.
Айналған күміс сағым, көшкен бұлтқа,
Көзімнің қарасындай ағаларым.

Жалғаншы,жалғансың ғой не демекпіз,
Табытын талай ердің шегелеппіз.
Қадірін қолда бардың кім білер деп,
Көз жасын көп жылады себелеп күз.
(Мысалы,біздер де бір -жел жапырақ,
Борай құм,боз жусан мен ебелекпіз.)
Ақ боз үй, көл жағасы көркем екен.
(Көп аққу көлге біткен еркем екен.)
Таласып батар күнмен шың басында,
Маңыстап,маңыраған Серкем екен.
Мен де бір көлге біткен шағаламын,
Шалдығып шаршы әлемді араладым.
Серкем жоқ,құз басында құлжа да жоқ.
Көшкен бұлт, ескен самал, ағаларым.
Сабыр Адай.
Ақтау қаласы.
09.04.22ж.

Сабыр Адай.
Ақтау қаласы.