АҒАШ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылы жоспар бойынша басқармаға қарасты мекемелердің аумағындағы ағашта зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жоспарланған.
Бүгінде жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын тапты.
Нақтылай айтқанда жұмыстар Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман қоры жерінде жүргізілді.
Жұмыстың барысымен басқарма басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы арнайы барып танысты.
Жүргізілген мемлекеттік орман қорындағы қарағаш орман жолақтарына қарағаш зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 814 га аумақты қамтыды.
Аталмыш жұмыстар алдын Ақыртөбе, Луговой және Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерінің орман қорында жүргізілген болатын.
Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыс өз мәресіне жетіп отыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар басқармасы