Аграрлы аймақтың дамуы Астананың өркеніне кепіл.
Биыл Ақмола облысында әр денгейдегі 673 елді мекендерді қамтыған, есеп беру кездесу өтті. Кездесуге 72 мыңнан астам тұрғын қатысып, 700-ден аса өтініш-ұсыныс түсіпті.
Сол есепті кездесулердің маңыздысы болып табылатын, Астаналық облыстың әкімі М.Мырзалинмен, мен облыс орталығы Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаевтың халықпен кездесуіне қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
Әкім Мәлік Мырзалин « Ақмола облысының 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» өңір халқының алдында өткен айда есеп берді . Кездесуге Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов қатысты.
Қалыптасқан дәстүр бойынша кездесу алдында көпшілік өңір жетістіктерінің көрмесін тамашалады. Өңірде жетістіктер мол, ілгері жылжу нәтижелі деп, жұрт қуанды. Баяндама басында Мәлік мырза еліміздің дамуы, өркені, алдағы мақсатына тоқтала келе, мемлекет басшысының дамыған 30 елдің қатарына енуге қажетті негізгі 10 басымдыққа арнайы тоқталды.
Әкім келесі кезекте, облыс жағдайына тоқталды.Шешен сөзінде:- Әр денгейдегі 673 елді мекендерді қамтыған, есеп беру кездесуге 72 мыңнан астам тұрғын қатысып, 700-ден аса өтініш-ұсыныс түсті, ұсыныс өтініштер шешімін табады. 2017 жыл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы табысты аяқтады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінде оң өсім байқалды. Салаға 257 миллиард теңге инвестиция тартылды, оның 14,9 миллиард теңгесі – сыртқы инвестиция.
Іске асырылып жатқан үкіметтік және мемлекеттік бағдарламалар құрылыс жұмыстарының көлемін 115,9%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, осы орайда республика облыстарының ішінде екінші орынға ие болып, 426,4 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім 16,9 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 5,5%-ға өсіп, 110184 теңгені құрады.
Былтыр қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80 пайызды құрап, облыс еліміздегі инвестиция өсімі бойынша 4-ші орыннан көрінді. «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» концерні, «ЕПК-Степногор» АҚ, «ЕНКИ» кірпіш зауыттарында экономикалық өсім байқалды. – Ең бастысы, Мемлекет басшысының облыс экономикасын қарқынды дамыту туралы берген тапсырмасы орындалды. Бұл жұмыстарға барлық ақмолалықтардың ауызбірлігі мен еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Біздің облыс республикадағы барлық негізгі көрсеткіштер бойынша жетекші орынға шықты. «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және өзге де арнайы техниканың 900 данасын шығарса, осыдан 3 жыл бұрын Целиноград ауданында ашылған «Sky Express Elevator KZ» ЖШС 77 лифт және 8 эскалатор өндірді. Өткен жылы 426 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3640 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Жекеменшік үй салу көлемі 130 пайызға өсті. Биыл көппәтерлі 28 үй салу жоспарлануда. Оған қоса, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арзан құрылыс механизмін жүзеге асырмақ. Облыс әкімі жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инфрақұрылымдары дайын 360 жер телімі берілетінін, оның 168-і облыс орталығы аумағынан екенін атап өтті. Облыс орташа түсім гадан 12,2 центнерді құрай отырып, 5,3 млн.тонна астық жинап,бидай экспортының көлемі 4,3 пайызға өсірді. «Global Gas Group» ЖШС Ақмола облысына көгілдір отын жеткізу жобасын қолға алды. Алғашқы кезеңде облыс орталығын қосқанда жеті аудан, соның ішінде Бурабай поселкесі газбен қамтамасыз етілмек. Уақыт талабына сай атқарылатын басты қызметтердің бірі – биыл облыста 20 өнеркәсіп орны жаңғыртылып, цифрландырылуда.
Президенттің тапсырмасы бо-йынша ауылшаруашылығына цифр-
ландыру элементтері белсенді енгізілуде. Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және егін жинау үшін де пайдаланылады Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша да облыста белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы 35 ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылды, оның ішінде 30 сүт сатып алу бойынша және 5 ет дайындау бойынша, отбасылық бордақылау алаңдарын құру үшін 3241 бас ірі қара мал басы сатып алынды, екі мал сою алаңының жабдықталуы жетілдірілді, 10 сүт тасымалдау автокөлігі, сондай-ақ 2 рефрижератор сатып алынды.
2018 жылы 28 ауыл шаруашылығы кооперациясын құру және кооперацияға тартылатын жеке шаруашылықтардың мал санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. «AQMOL» брендімен Астанада үш дүкен ашылды. Биыл тағы 10 сауда нүктесі ашылады деп күтілуде. Аталған дүкендер желісінде сапалы азық-түлік нарықтағы бағадан 10-30 пайызға төмен. Жұмыс сапары барысында Қытай кәсіпкерлері «Көкшетау минералды сулары» АҚ өнімдеріне қызығушылық танытып, өз елдерінің Гонконг және Гуандун оңтүстік провинциясында сауда-саттық бойынша әріптес болуға ниет танытты.
Өңірде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржыландыру 1,8 есеге артып отыр. 6 мың жұмыс орны ашылған. Аймақ басшысы ауылда бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Шалғайдағы елді мекендердің көбінде әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым нысандары жетіспейтінін алға тартты. Осы орайда Әсет Нұралин есімді кәсіпкердің ісін көпке үлгі етті. ІІІ топ мүгедектігіне қарамастан ол несие алып, Красный Яр селосында жылыжай ашқан. Енді алған өнімін өткізу үшін дүкен салуда. Президенттің үш ауысымды мектептер мен апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста 7 мектеп салынып жатыр. Облысқа 384 медицина мамандары жолдамамен келді. Биыл жаңадан 12 денсаулық сақтау мекемесі пайдалануға беріледі және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылады деп күтілуде. Туризм саласын дамыту өзекті мәселе. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасының 3-інші кезеңіне 61,4 миллиард теңге бөлінген. Инвесторлардың есебінен жаңа курорттық қалашық салынбақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 4,4 миллиард теңге сомасына 115 іс-шара жүзеге асырылса, «Қазақстанның 100 қасиетті орны» республикалық картасына Ақмола облысының 10 нысаны «Қазақстанның киелі географиясы» картасына енді
Еңбекшілдер ауданының атауы Біржан сал атауына ие болды.
Қазіргі таңда барлық қасиетті орындар туралы ақпарат заманауи QR-коды технологиясы бойынша сандық жүйеге көшірілуде.
Әкім облыс орталығы – Көкшетаудың дамуына да айрықша тоқталды. Басты жаңалық – жылу электр орталығының құрылысы басталады деп күтілуде. Облыс орталығында онкологиялық емхана құрылысы басталады. Қаланың ескірген, тозығы жеткен су-жылу желісін түгел ауыстыру жұмыстары қолға алынады. Автобус паркінің 40-50 пайызы жаңартылады. «Smart City» жобалары білім, мәдениет медицина, тұрғын үй салаларында кеңінен қолданылатынына тоқталып, баяндама соңында, келер жылдарда ынтымақ берекемен еңбектеніп, жетістікке жете беруін өңір жұртына тіледі.
Кездесу соңында залда жиналғандар мен облыс басшысымен бейнеконференция байланысы арқылы тікелей тілдесуге мүмкіндік алған өңір жұртшылығының сұрақ-жауаптар алмасты. Халық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, елді мекендерді абаттандыру және балабақшалар құрылысы, экология мен спортты дамыту мәселелері бойынша көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Облыс орталығында мүгедек балалар үшін арнайы мектеп салынса деп өтініш білдірген ата-аналарды облыс әкімі жеке қабылдауына шақырып, бұл мәселе жан-жақты зерттеліп, бір шешім шығарылатынын жеткізді. Макин қаласындағы бірде-бір тұрғын үй салынбағанын жеткізген тұрғынға , биыл қалада көппәтерлі 5 үй мен бір жатақхана құрылысы басталатынын, әкім жеткізді. Skyре арқылы байланысқа шыққан атбасарлық, жылдың жыры Атбасарды су алатыны жайлы , тасқынға қарсы салынатын бөгет құрылысы жайлы сұрады .Әкім , 9 шақыр ым бөгет құны 9 миллиард теңге. Құрылыс үш жылға жалғасады. Ал, тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру төрт миллиард теңгеге бағаланып отыр, деді. Сұрақ көп, жауапта баршылық. Орындалуын уақыт көрсетеді.
Қала өркені – өңір өркеніне серпін.
Көкшетау қаласы әкімі Е.Маржықпаев, қала жұртымен кездесуден бұрын тоғыз округ тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тындап, жиынға тас түйін келіпті. Ол «Достар» мәдениет үйінде қала ұйымдарының жетістіктер көрмесін тікелей өзі таныстырды.Жиынға қатысқан облыс әкімі М. Мырза лин, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қ. Бәйімбетов және Көкшетаулықтар алдында баяндамасын талқылатты.
Мына фотаны екі мақаланың ортасына үлкейтіп салыңдар
Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттер туралы баяндамасын Елбасының алға қойған мақсаттары, жолдауларына қысқаша тоқталып, қала өркеннің қозғаушы күші болған, өнеркәсіп, шағын және бизнестің қанат жайына кеңінен тоқтап, әлеуметтік салада атқарылған істерге кеңінен тоқталды. Әкім бандамасында: — Экономиканың негізі болып табылатын өнеркәсіп өндірісі жоғары қарқынмен дамып келеді. Өткен жылы қаладағы өндірістік кәсіпорындар 101,8 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Индустрияландыру картасы бойынша 20,2 миллиард теңгенің 17 жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 1257 жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткіздік. «Вектор комбайн зауыты» ЖШС жобаға сай қуаттылығын артырып, әлеуметтік маңызы зор 10 нысан іске қосылды. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы аймақтық үйлестіру кеңесімен 130 миллион теңгенің 13 жобасы мақұлданды. Былтыр ауылшаруашылығы бойынша 4,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.Халықтың тұрғын үйге деген сұранысын өтеудің бір жолы – құрылыс қарқынын дамыту болса, өткен жылы 158,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, әсем ғимараттар бой көтерді. Бюджет қаражаты есебінен 17 көппәтерлі үй құрылысы қолға алынып, оның 5 пайдалануға берілді, биыл 12 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 15 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Көптен күткен Неке сарайының ел иігілігіне берілді. Маңызды инфрақұрылымдарды одан әрі дамыту мақсатында жылу магистральдары жаңартылып, Әуезов көшесі бойындағы 108 пәтерлік тұрғын үйде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілер тартылды. «Васильковка» мөлтек ауданының солтүстігіндегі 94 және 28 гектар аумақ және Қылшақты өзенінің айналасындағы 72 гектар аумақтың түбегейлі жоспары жасалды.
Көкшетау жыл өткен сайын құлпырып, ажарлана түсуде. Түрлі көрікті орындар пайдалануға беріліп, сәулеті жарасқан қалаға айналуда. Бірақ, осы сәулетті құртып тұрған бір нәрсе бар, ол – тазалық мәселесі. Жергілікті билік те Көкшетауды таза қалаға айналдыру үшін барын салуда. Пәтеріміз таза болса болды, ауланың тазалығында шаруамыз жоқ. Кейбір тұрғындар, тіпті үйлерінен шығарған қоқысын сіздің есік алдына, болмаса, лифтінің жанына, шыға беріс жерге тастап кете барады. – Тазалық баршаға ортақ десек те, кейбір мөлтек аудандардың сыртқы көрінісі жұтаң. Бірақ, жалпы қала тұрғындары бұл іске араласпаса, жұмыстың нәтижесіз бола беретіні белгілі нәрсе. Бұл күнде ұсақ құқықбұзушылық қоғамда күрделі мәселеге айналып отыр. Осыдан бірер жыл бұрын қалада эстетикалық талғамға сай 30 шақты шыны аялдамалар орнаттық. Бүгінде оның 10-ы ғана қалды. Қала бойынша 133 камера болғанымен, бәрін бақылау мүмкін емес. Аллеялардағы орындықтар, қоқыс жәшіктері де жиі жоғалады. Егілген гүлдер де жоқ боп кетеді. Саябақтардағы орындықтар да жиі ұрланады. Мұнымен күресу полицияның немесе әкімнің ғана міндеті емес, бәріміз жұмыла күш біріктіретін – баршаның ісі, Астаналық облыстың орталығы Көкшетаудың өркендеген әлеуеті, өңірдің өркендеуіне зор серпін береді – деп, сөзін бітірген әкімге, тұрғындардан сауалдар қойылды.
Тұрғындардың сауалдары негiзiнен коммуналдық салаларға қатысты өрбiдi.. Қаладағы қоғамдық көліктің жайсыздығын ескерткен сауалға әкім: – Жасырары жоқ, қаладағы автобустардың дені ескірген. Былтыр №10, 1, 16 бағыт бойынша метанмен жүретін жаңа автобустар тестілеуден өтті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл 50 автобус сатып алынады деп жоспарлап отырмыз, – деді қала басшысы.
.Облыс әкімі М.Мырзалин алда тұрған міндеттерді айқындап, атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өз пікірін ортаға салды.
Өңір басшысы қортынды сөзінде: — 2017 жылды қала едәуір ілгерілеушілікпен аяқтады. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша қала төртінші орыннан көрінді. Қалада көп жұмыс атқарылды.Биылда атқарылатын шаруа шаш етектен. Нақты айтқанда, ару шаһарды абаттандыруды жалғастыра береміз. Осыған орай биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда қомақты қаражат бөлініп отыр. Жоспарланған жаңа бастамаларға сәйкес облыс орталығы – Көкшетау қаласы алдағы үш-төрт жылдың ішінде жаңа келбетке ие болмақ. Басты жетістік жылу электр орталығының құрылысы басталады деп күтілуде. Көкшетау – бүгінде еліміздегі жылу-электр орталығы жоқ жалғыз облыс орталығы.
Қала іргесіндегі Қопа көлінің тазалығы алаңдатып отыр. Көлді жағалай тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасады.. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қаншалықты қауіпті болса да, баллондағы газды пайдаланады. Осы келеңсіздікті жою үшін, газ тарту жұмыстары 2019 жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырып және қаланы жылытатын РК-1 бу қазандығын газға алмастырамыз деді. Қаланың табиғатына залал келтірмес үшін көшелерге қылқан жапырақты ағаш егеміз.
Көшетаудың жетістігі, өңір жетістігі – бұл әрбір қала тұрғыны, әрбір еңбек ұжымының, қызметкерлерінің ынта жігеріні арқылы атқарылады. Сондықтан, қаланы көркейтуге әр тұрғын ат салысып,Көкшетаудың көрікті, әсем келбетін сақтауға әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық, – деген, әкім көпшілкке игі тілекпен, жетістіктер тіледі.
Дахан Шөкшир