Аграрлық саладағы мамандар тапшылығы шешім табуы мүмкін

Өткен аптада, яғни 14 ақпан күні, Ауыл шаруашылығы министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы болып өтті. Бейнеконференц байланысы арқылы өткен жиналысқа АШМ министрі Ө. Шөкейев, облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығынга жауапты басшылары, агробизнес өкілдері мен журналистер қатысты. Жиналыс барысында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында өткен бір жылда атқарылған жұмыстар қортындылананып және саланы дамытудың негізгі міндеттері жарияланды. Өткен жылды табыспен аяқтаған Қазақстан шаруаларының алдында, тіпті де зор міндеттер мен мүмкіндіктер кезеңі туып келеді. Алдағы уақытта Агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге жоғарлату талабы жүктеліп отыр. Бұл міндеттерді орындау үшін бір қатар тиімді шаралар жүзеге асырылмақ. Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін қолданыстағы қаржы құралдарын жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қолхаттары сияқты жаңа құралдарды енгізу арқылы жеке қаржыландыруды тарту жоспарланған. Бұдан басқа, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ біртіндеп агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін несиелік серіктестіктер, ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, лизингтік компанияларды қаржыландыруға ауысады. Осы жерде ерекше ескеретін бір жәйіт, бұдан былай тиімсіз субсидиялар қысқартылып, салық салу жүйесі жетілдірілетін болады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, саланы техникалық қайта жарақтандыру жүргізілмек.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру шекара аудандарында ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Ішкі нарықты қорғау мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу жүйесін жаңғырту, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін және қадағалауын «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша, ветеринарлық қызметтің тігінен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру жоспарланып отыр. ҚР, АШМ-ның бірінші вице министрі А. Евниевтің баяндамасына қарағанда алдағы уақытта Аграрлық оқу орныдары қызметінде де өзгерістер орын алатын сияқты.

-«Аграрлық ғылымға, білім беруге және білім тарату жүйесіне әсер етеді. Ғылым агробизнестің қажеттіліктерін тікелей мемлекеттік қаржыландырудан ғылыми-зерттеулерге арналған кәсіпкерлік бірлестіктердің шығындарын өтеу және жұмыс берушілерді мамандар даярлауға көшу есебінен жүзеге асырады. Аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау, оқу бағдарламаларын жаңарту және агроөнеркәсіптік кешендегі озық тәжірибені тарату, бұдан басқа, ауылдық мамандықтар бойынша оқыған түлектердің гранттары бойынша ауылдық жерлерде міндетті түрде үш жылдық жұмыс істеуді енгізу жоспарланып отыр. Маңызды бағыттардың бірі агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру болып табылады. Мұнда ең басты күтілетін мәселе нақты фермерлік шаруашылықтар мен «ақылды фермалар» элементтерін енгізуге басты назар аударылатын болады. Бірінші кезеңде біз геопозицялық, вегетативтік, агрохимиялық, гидрогеологомелиоративтік және метеорологиялық қабаттарымен электрондық карта орындарын жасау қажеттілігін көріп отырмыз»- деді Вице министр. Ауыл тақырыбына айырықша көңіл бөлетін «QAZAQSTAN-ZAMANY» қалықаралық, қоғамдық, саяси газеті, ақпан айының басында, АШМ басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып дөңгелек үстел өткізгені белгілі. Сол жиналыс барысында өз пікірлерін білдірген азаматтар, шалғай ауылдардағы мал дәрігерлерінің жетіспеушілігін ортаға қойған еді. Әрі оны шешу үшін,Аграрлық университеттердегі кейбір мамандықтарға, гарнттар бөлу мәселесін қайта қару, немесе бірыңғай ұл балаларды қабылдауды ұсынған болатын. Министрлік тарапынан тілге алынған бұл маңызды мәселенің, еліміздегі ауыл шаруашылығы мамандарын даярлап жатқан оқу орындарының жұмысына қаншалық өзгеріс әкелері қазірше белгісіз. Дейтұрғанмен, ауылдық жерлердегі мамандар тапшылығы мәселесінің мемлекеттік деңгейде қарастырыла бастауы көңіл қуантарлық жұмыс еді.

 

Ерқазы Сейтқали