АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ АҚТӨБЕЛІК КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰНЫ 20 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ЖОБАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Ақтөбе облысындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы былтыр жалпы сомасы 20 млрд теңгенің жобаларына қолдау көрсеткен. Аграрлық несие корпорациясыныңоблыстық филиалының басшысы Гүлжанат Ерғазина айтты.
Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Ақтөбедегі облыстық бөлімшесіне барып, ұжыммен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамытатын қаржы институтының ағымдағы қызметімен, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландырудың қолданыстағы шарттарымен танысты.
— Былтыр Ақтөбе облысындағы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Аграрлық несие корпорациясы жалпы сомасы 20 миллиард теңгенің жобаларына қолдау көрсетті. Осы жылы дәл сондай қаржы ақтөбелікшаруаларға да берілетін болады. Қазіргі уақытта «Кеңдала» бағдарламасы бойынша жұмыстар басталып кетті, соның аясында көктемгі дала жұмыстарына қолдаукөрсетуге өтінімдер қабылданып жатыр. Облыс бойыншаендігі жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге өтінім келіптүсті. Өтінімдердің басым бөлігін облыстың төртастықты ауданы берген, өтінімдер саны бойынша сөзсізкөшбасшы – Әйтеке би ауданы, — деді Аграрлық несиекорпорациясының облыстық филиалының басшысыГүлжанат Ерғазина.
Облыс әкімі барлық бағыттар бойынша жұмыстыкүшейтуді, өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін жанжақты қолдауды тапсырды.
Айта кетейік, былтыр «Ауыл шаруашылығын қаржылайқолдау қорын» «Аграрлық несие корпорациясына» қосутуралы шешім қабылданған болатын.
Аграрлық несие корпорациясына Ауыл шаруашылығынқаржылай қолдау қорының шағын бизнесті несиелеу, өсімдік шаруашылығын сақтандыру және «Дипломменауылға» жобасы аясында «Ауыл ипотекасы» агентініңқызметтері берілген.
Қайта ұйымдастыру ауыл шаруашылығы тауарынөндірушілерге «бір терезе» қағидасымен несие алуғамүмкіндік берді.