АҒЗА мүшелері қалай ҚАРТАЯДЫ?

АҒЗА мүшелері қалай ҚАРТАЯДЫ?
Ішкі дүниеңізде не болып жатқанын біліп, сезініп, оған қамқор болу үшін мұны біле жүргеніңіз оңды деп ойлаймыз.

ҮЛКЕН МИ: 20 жыл. Адам дүниеге келгенде жүйке жасушаларының саны 100 миллиард шамасында болады. Ал 20 жастан бастап, яғни жас ұлғайған сайын адамның үлкен ми жүйке жасушаларының саны біртіндеп азая бастайды. Сөйтіп 40 жасқа барғанда жүйке клеткасынан күніне 10 мыңы азайып отырады. Ол адамның есте сақтау қабілетіне, ортаға бейімделгіштігіне және үлкен мидың қызметіне ықпал етеді. Сондықтан орта жастан асқаннан кейін адамның есте сақтау қабілеті төмендейді.
ӨКПЕ: 20 жыл. Адамның өкпесі де 20 жасқа дейін даму, қалыптасу, тамаша қызмет ету сатысында болады да, одан кейін біртіндеп қартая бастайды екен. Ал 40 жасқа барғанда тыныс алуды меңгеретін бұлшық еттер мен кеуде қуысы қатайып, өкпенің қозғалысы қиынға түседі. Содан өкпенің өміршеңдік қуаты әлсіреп, шаршау, алқыну секілді жағдайлар көбейе бастайды.
ТЕРІі: 25 жыл. Адам терісінің өмір жасы – 25 жыл екен. Одан кейін коллагеннің бірігу жылдамдығының төмендеуіне, серпімділік қасиетіне ие ақуыздар санының азаюына байланысты ол да қартаю кезеңіне көшеді.
Бұлшық ет: 30 жыл. Осы жасқа дейін адамның бұлшық еті бірде жетіліп, бірде солып, өзгеріп отырады. Яғни адамның өмір салты мен болмысына байланысты өзгеріп отырады. Ал одан кейін бұлшық еттің жетілуінен гөрі солу қарқыны тездейді де, келесі онжылдықта 0,5-2% жылдамдықпен азаяды.
ШАШ: 30 жыл. Шаштың жылтырап, төгіліп, жаңарып тұруы 30 жасқа дейін қарқынын жоғалтпайды. Түскен әрбір тал шашты жаңасы алмастырып отырады. Ал 30-дан кейін жаңадан өсіп шыққан шаштар бұрынғысынан жіңішке болады. Ары қарай жас ұлғайған сайын меланин жасушаларының өміршеңдігі төмендеп, шаш түсі өзгере бастайды, жай өседі, жіңішке, төзімсіз болады.
ЖЫНЫС БЕЗДЕРІ: 35 жыл. Әйелдердің де, ер адамдардың да балалы болу қабілеті 35 жастан асқан соң төмендей бастайды. Әйелдерде ол аналық тұқым клеткасының азайып, сапасының төмендеуіне байланысты. Өйткені бұл кезде жатыр қабығы жұқарып, аталық ұрықты қабылдай алмау, аталық жыныс клеткасына қарсы тұру құбылысы пайда болады. Ал ерлерде аталық ұрық сапасының төмендеуі жұбайының түсік тастауына себепші болады.
СҮЙЕК: 35 жыл. 25 жасқа дейін адамда сүйек тығыздығы үздіксіз жоғарылайды. Ал 35 жас шамасында сүйек заттары жеміріліп, қартаю барысына өтеді. Сүйек тығыздығының төмендеуі бойдың аласаруы, омыртқа аралығындағы сүйектің солуы мен сынуына себеп болады.
КӨЗ: 40 жыл. Жастың ұлғаюына байланысты көз маңындағы бұлшық еттер жансызданып, көз қуаты төмендейді. Содан 40 жастан асқан соң адам жақын аралықты көре алмайтын болады.
ЖҮРЕК: 40 жыл. Ағзаның қартаюына байланысты жүректің бүкіл қан тасымалдауы төмендейді де, қан тамырлар серпімділіктен айрылып, күре тамырлар қатаяды, түрлі кедергіге жолығады. Сөйтіп ерлер – 45, ал әйелдер 55 жастан асқанда жүрек ауруына шалдығу қаупі жоғарылайды.
ТІС: 40 жыл. Адамдар қартайған кезде одан бөлінетін сілекей азаяды. Негізі сілекей бактерияларды өлтіреді. Ал ол азайса тіс пен қызыл иек босайды. Мұндай құбылыс 40 жастан асқанда көп кездеседі.
БҮЙРЕК: 50 жыл. Қандағы жарамсыз заттарды ығыстыратын бүйректің жұмысы 50 жастан кейін әлсірей бастайды. Соның себебінен осы жастан кейін адамда дәрет жиілейді.
ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ: 50 жыл. Жас ұлғаюына байланысты қуықасты безі үлкейеді де, кіші дәреттің келуі жиілейді. Өйткені қуықасты безі аталық без гормонын көп мөлшерде сіміріп, қуық түбі жасушаларының өсуін тездетіп, қуық түбі безінің ұлғаюын тудырады.
ІШЕК: 55 жыл. Егер ішектегі пайдалы, пайдасыз бактериялар саны тепе-теңдікті сақтаса, мұнда ішек ақаусыз есептелінеді. Дегенмен 55 жастан асқан соң асқазан, ішек жұмысы тежеле бастайды, содан қартаю басталады. Ішек жолындағы өзгерістер пайдалы бактериялардың өмір сүруіне тиімсіз боғандықтан олар азаяды. Бұл құбылыс әсіресе тоқ ішекке қатты әсер етеді. Жастың ұлғаюына байланысты асқазан, бауыр, ұйқы безі, ішектердің ас қорыту сұйықтығының қозғалысы баяулайды.
ҚҰЛАҚ: 55 жыл. Негізі құлақ ішіндегі жіңішке жасушалар дыбыс тербелісін қабылдап, оны үлкен миға жеткізіп тұрады. Ал 55 жастан соң бұл клеткалар азаяды да, есту қабілеті нашарлай бастайды.
ТІЛ МЕН МҰРЫН: 60 жыл. Адам тілінде 10 мыңнан астам дәм сезгіш жүйелер болады. 60 жасқа қарай оның жартысы азаяды. Содан дәм сезу қабілеті төмендей бастайды. Ал мұрын қуысындағы осындай өзгерістер иіс сезу түйсіктерінің қартаюын тездетеді.
ҚУЫҚ: 65 жыл. Адам қартайғаннан кейін аналық және аталық гормонның қабілеті төмендеп, несеп жолындағы тіндер жұқарып, қуатынан айырылады. Ал қуықтың сыйымдылығы жарты есеге төмендейді. Содан дәретке бару жиілейді, әсіресе, бұлшық еттің созылып, жиырылғыштығының төмендеуі қуықтағы несептің түбегейлі шығарылуына бөгет жасайды.
КЕҢІРДЕК: 65 жыл. Жас ұлғая келе көкіректегі жұмсақ тіндердің әлсіреуі дыбыстың тұнықтық дәрежесі мен сапасына әсер етеді. Содан әйелдердің дауысы қарлығып шықса, ерлердің дауысы біртіндеп әлсірей береді.
БАУЫР: 65 жыл. Адам ағзасында қайта қалпына келе алатын жалғыз мүше – бауыр. Тіпті ота арқылы жартысы алынып тасталса да ол үшй айда толық қалпына келе алады. Сондықтан оның қартаюға қарсылық қуаты күшті, дегенмен 65 жастан кейін оның да жұмысы әлсірей бастайды.
Ағылшын ғалымдары осылай адамның ағза мүшелері өзінен бұрын қартая бастайтынына көз жеткізген. Жалпы қарттық осыдан бастау алатыны түсінікті. Дегенмен ағзаны қажетті витаминдермен толықтырып отыру олардың жұмысына өте көп жеңілдік береді екен. Олай болса, ағзаңыздың, сол арқылы өзіңіздің жастық қалпыңызды сақтауға бүгіннен бастап кіріскеніңіз жөн шығар.
«Халық емі — Целительство»

Денсаулық, жансаулық- зор байлық