Әйел адамның төзімділігі
1)Күйеуі әйелін сүйе тұра басқаны алдайды
Әйелі біле тұра кешіре береді.(Шаңырақта ұрыс жанжал орын алды)
2)Күйеуі кешірім сұрап тұрып тағы алдайды,
Әйелі отбасыны сақтау үшін тағы кешіреді( бірақ тағы айқай)
3)Кешіргеніне үйреніп күйеуі тағы опасыздыққа барады
Бұл жолы әйелдің сағы сынып іштей жылайды
4)Күйеуі қыз қырқынға баруды күшейте түсті
Өмірден орнын табалмаған келіншек қатты өзгерді,Бірақ оның кешірім сұрағанын күтетін,Арадағы жақсы күндермен естеліктерді бірден жоюға құдайдан қорықты.
5)Ол үйге қонбайтынды шығарды
Әйел оны күте күте ауру болды
6)Күйеуі бала тумайсың деді
Кінәрәт күйеуінде екенін әйелі жасырып қалды
7)Күйеуі әр қыздың ізінен жүгіріп достарымен қыдыруды тоқтатпады
Әйелі ажырасуды ойлап жинала бастады,Үйне келді,еш кінәсі болмасада әке шешесіне айталмай егіліп жылай берді,жылай берді.Қатты қиналды,неге күйеуінің өз ошағын біреуге айырбастады деген сұрақ миын жей берді,Әйел қатты шаршады,өкпе ренішін айтып күйеуіне сан мәрте xат жазды.Сол арада жүрегі қысылып соңғы рет тағы жылады.Ешкімге ештеңе айталмастан қиналған күйі,,өзімді енді ренжітуге жол бермеймін деді.Соңғы сөзін айту үшін күйеуне тағы xабарласты.Телефонын тұтқасын көтермеді.
Ол кезде күйеуі басқа сұлудың құшағында жатыр еді.
Әйелінің бар жазығы оны. қатты сүйіп кешіргені,оған адал болғаны,Бір кемшілігі мінезі болатын,күйеуі ауру қылып өзі өзгертен мінезі.
Ал қазіргі таңда күйеуі тірі,Алланың берген өмірін өліктен кем емес қылып сүріп жатыр,Әйелі кеткесін жол апатына түсіп темір арбаға таңылды,Оған қалалық жатақxанадан мүгедектерге арналған бір бөлмелі суық пәтер берілді. 2ай өтіп әке-шешесімен жалғыз ағасымен қарындасынан бірдей айрылды.Қасында кезінде бірге жүрген достарының бірі де жоқ.Ауыр азап оны қажытып жіберді,сол кезде ғана жан даусымен айғайлап жылады.Әйелін сағынды,оның күлгенін,еркелегенін,өзі үшін барлық нәрсеге шыдаған мықты әйелін сағынды,оның таза үйімен дәмді асын сағынды,оның құшағын аңсады,Құдайға не жаздым деді,Сол арада аспан періштесі келіп өзінің әйеліне істеген қорлықтарын көрсетті,өтіріктерін кино лентасындағыдай айдан анық көрсетті,опасыздығын көрсетті,Оның жылап өзін күткен уақытын көрсетті,Және әйелінің қазіргі бақытты сәтінде көрсетіп басқаға еркелеп кішкентай бүлдіршінді ойнатып отырған кезін көрсетті.Сол кезде өмірдегі ең қымбат жанын жоғалтқанын түсініп егіліп жылай берді,Шарасыз күйге түсті,ешкімі жоқ сыр айтатын,Соңғы амалын іздеп әйеліне телефон шалды::::Абонент байланыс аясынан тыс жерде..
Періштеге өзінің жанын өзімен бірге алып кетуін сұрады.Сол кезде періште-Жоқ,сен әлі күнәләріңнің 1 пайызын ғана өтедің,сен істегендеріңе толықтай жауап бермейінше арғы өмірге де қабылданбайсың деп жоқ боп кетті…..
Жас отбасылар қиындықта ажырасуды жөн көрмей Алладан көмек сұраса,бір біріне адал болса екен деген оймен жазылды. Адал болайық,аман болайық ағайын..Ертеңгі күні не болары тек жаратқан иемізге аян.