ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ — ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Қанша әйел ақылды,
данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ.Әйелдің еркексіз күні
— түн.Тіпті күйеуің жаман
болса да, қорғанышың.
Менің әжем Құстия Арғынның Тоқа
руынан, өте ақылды, сұңғыла адам еді.
Қатты дауыл тұрғанда енесі:» Үйге кір, дауылмен
бетіңе жамандық тиер»,— десе, енді бірде:»:Әдепсіз ауылға келінді апарма»,— деп
айтады екен. Керемет сөз.
Мен де жақында тұрмыс құрған сіңіліме айтарым:»- Құлыным, ерке өскен балапаным!!! Келін болып сол босағаны неке қиып
аттаған соң, жолдасыңның
ата — анасына ыстық
ықыласыңды аяма.
Енеңді туған анаңдай қадір тұт,сонда сені ел сыйлайды.
Әйелі бұзылған отбасының болашағы
болмайды.
«Ақылсыз әйелдің ашуы көп, төркініне қашуы көп»
дегізбей, от басыңның
бақыты бол.
Туыстарына жақсылығыңды аяма.
Үйге келген қонақты қарсы ал.»Қонақпен бірге үйіңе құт — береке кіреді».
Берекелі әйел
дастархан — құты, барша
елді тойындырады.
Берекесіз әйел дастарханның
— жұты, қонағын тайдырады.
Күйеуіңе көп көңіл бөл,
киімін таза ұста.Ел сенің
салақтығыңды күйеуіңе
қарап біледі.
Көп ішінде жолдасыңның аузына қақпақ болма.
Сен оны туған жоқсың.
Оңашада күйеуіңнің миын
ашытып, туыстары туралы ғайбат сөйлеме. Олардың жаман жақтарын өзі де біледі.
Мінезіңді көрсетпе. Аузыңа
келгенді сөйлемеген дұрыс.
Қанша бала тапсаң да бақытты басыңнан ұшырып аласың.
Еркек сырт (түз адамы).
Олардың серілігін кешіре
біл. Қанына сіңген серілік қасиетті сен жоя алмайсың.
Жаман әйелдің күйеуі мезгілінен бұрын қартаяды.
Еркектің қалтасы құр
болмауы керек.Бар ақшасын сырпырып алма.
Күйеуіңді түсінуге тырыс.
Ер азамат кеңінен ойласа, сен әр қырынан, терең ойла. Онсыз өмірді
көз алдыңа елестетіп көр. Бетін аулақ қылсын…
Сен анасың , кешіре біл.
Еркектің тамағы тоқ, үйде
сыйы болса, тұсаулы аттай
алысқа кетпейді»- деймін…
Сен жаман болсаң, әулетімізге сөз келеді.
Әулеттің аты, сенің көтерген туың, туымызды
жықпа жаным!
Төрің де, көрің де сол босағада болсын!
Авторы белгісіз..