Әйел мықты болған сайын теңін табу қиындайды…
Мықты әйелдің жанындағы жұбына қызғанышпен қарауға әбден болады. Мықты әйелдер тұрмысқа шығуға бірден келісе салмайды. Олар азаматтың бойынан жеңімпаздың қасиеттерін екшейді. Мұндай әйелзаты тек жеңімпаздарға лайық. Өзінен осал еркектің қасында жаны жүдейді.
Мақсаты жоқ жігіттер туралы тіпті айтпай-ақ қойса болады. Ондай әйелдер еркекті жаулап алу үшін жасанды қылық жасап, өзін әлсіз етіп көрсетуге пейілді болмайды.
Олардың жаны жалғандыққа қас. Күш-қуаты тасып тұрған әйелді жасырып, жасқай алмайсың. Олар ақылына құрмет ете отырып, өзіне лайық теңін іздейді.
Дүние өзгерген сайын әйел еркектен рухани мықты болып келеді. Ал, егер экономикасы дамыған елдермен салыстырар болсаңыз, онда Швейцария, Германия, Америкада отбасыны тек 40 жастан кейін құру қалыпқа енгенін байқайсыз. Бәлкім, мықты адамдар үшін оның да бір пайдасы бар шығар.
❗️ Ал Испанияда 30 жасты – бала жас деп атайды. 30 жаста мектеп бітіруге, өзін іздеуге, өмірді тануға рұқсат етілген. Бұл елдің жастары ересек әлемнің қиындықтарына көп араласа бермейді.
Біздің елде отызға дейін дым істемей отыру деген мүлде жоқ. Егер әйел 35, көбіне тіпті 25 жастан кейін тұрмысқа шықпаса, одан ашық сұрай бастайды: «Бізден жасырған қандай құпияң бар» деп. Біздің қоғам жалғызілікті әйелдерді қабылдай алмайды. Бірақ сол жалғыздыққа қоғам өзі итермелейтінін байқамаса керек. Жалғыздықтан әйел өте мықты болып жетіледі. Айналасында оларға шақ келетін ерлер тым аз.
Мұндай әйел кім көрінгеннің алдында басын ие алмайды. Қарапайым жігітті таңдай салмайды. Оның табиғи сұранысы тек жеңімпазды қабылдайды. Тек жеңімпаз оның жеңілу, беріле салу, мақұлдау, қабылдау, соңынан еру қасиеттерін оята алады. Мықты жігіттің қасында ғана мықты әйел өзін нәзік сезіне алады. Бойындағы әйелдігін ашады. Әйелдің жүрек түкпіріндегі жабайы болмысы табиғатынан стихиялы, ырықсыз. Мықты әйел мың түрлі бетперде киіп, рөлдерге енбейді. Мұндай әйел тек шынайы, зор дауысты еркектің шақыруына ғана ереді. Әйелдің бәрі өзінен зор күшке бағынады, иіледі, мойындайды. Табиғаты солай.
Мұның барлығын неге айтып отырмыз? Әйелдер жалғыз қала бермесін деп дабыралату бекер.
Егер бұл мақаланың кейіпкері сіз болсаңыз, бойыңыздағы бар қасиетті жауып-жасқамаңыз, жүрегіңіздегі жақұт – азаймайтын, жойылмайтын күш-қуат, рух мықтылығын ешкімнен жасырмаңыз. Босқа шашпаңыз. Оның қадіріне жетпейтін қолға ұсынбаңыз. Нұры тасып тұрған көзіңізді өзгеден тыға алмассыз. Жарқырасын! Ол сіздің мықтылығыңыздың белгісі! Мықты болсаңыз, азға қанағат етпеңіз.
Патшайымға тек патша лайық. Дені сау, атмосферасы таза отбасылар құрылсын. Мәңгілікке бірге болатын жұптар көп болсын.
©️Инна Макаренко
Аударған, Шынар Әбілдә