Әйелдер өзі қандай адам?
Әйелдер отыз жасқа дейін жасарады, отыздан кейін ғана жақсарады…
* Әйелді түсіну қиын емес: ол ашық жатқан кітап секілді. Қытай тіліндегі квант физикасы кітабы.
* Әйелдер кеңпейілді: олар өз ерінің барлық кінәсін кешіре алады. Тіпті ол кінәлі болмаса да.
* Әйелдер парадокс секілді: олар еркектерге алдымен өмір сыйлайды, сосын өмір сүруге мүмкіндік бермейді.
* Халықаралық әйелдер күні не үшін сегізіне белгіленгенін білесіз бе? Өйткені олар – әлемнің сегізінші кереметі.
* Әйелдер «50% жеңілдік» деген жазуды көрсе болды, милары да 50% жұмысын тоқтатады.
* Әйелдер құпияға берік келеді. Олар тек топ болып құпия сақтайды. Олардың құпияларын, кем дегенде қырық адам біледі.
* Табиғатынан бұйра шашы бар әйелдер шашын түезегісі келсе, шашы түзу арулар бұйралағысы келеді.
* Әйелдерді түсінуге тырыспай-ақ қою керек, өйткені олардың өздері әлі өздерін толық түсінбейді.
* Әйелдер ғана «Болды, маған хабарласпа» деп алып, артынша қоңырау күтіп жүреді.
* Кез келген әйел адамда тек отыруға ғана ыңғайлы бір туфли болады.
* Тек әйелдер ғана тісін тазалап жүріп раковинаны қоса жуып тұрады. Ал еркектер тісін жуып тұрып «Раковина неге кір болмайды?» деп басы қатып тұрады.