Әйелдер туралы…
Әйел ашуланса — жеңіледі, еркелесе — жеңеді.
Ғабит Мүсірепов
Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
Ғабит Мүсірепов
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе — бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе — бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
Ғабит Мүсірепов
Әйел асқақтаса- жылайды, еркек асқақтаса — құлайды.
Ғабит Мүсірепов
Әйелдің естілігі жеңсе — сұлулығы да арта түседі.
Ғабит Мүсірепов
Жақсы әйел ұл туса — патшадан болмас кемдігі.
Бұқар Қалқаманұлы
Жақсы болса жұбайың — қабағыңа қарайды.
Сүйінбай Аронұлы
Жаман әйел көп ұйықтар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман болса әйелің — арманда өтер өмірің: артылғандай есекке.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы әйел — жігіттің кесектен соққан кентіндей,
Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіңдей.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсы әйел — жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.
Халық даналығы
Жаман әйелдің тілі- ащы.
Халық даналығы
Жақсы әйел — ырыс, жаман әйел — ұрыс.
Халық даналығы
Тон бітпеске тон бітсе — қағуменен тоздырар.
Жаман әйелге қоң бітсе — ер жігітті аздырар.
Би-шешендер сөзінен
Жаман әйел алғанның — жауы үйінде, жақсы әйел — алғанның тойы үйінде.
Шал ақын
Пайдасы жоққа жалынсаң — семіз бір жемқор малмен тең,
Жақсы қатын алсаңыз — Алладан жауған нұрмен тең.
Шал ақын
Жаман әйел ер қадірін білмес.
Майқы би
Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
Майқы би
Адамның жан жолдасы — сүйген жары.
Жанақ Сағындықұлы