АЙҒАНША АНАМЫЗДЫҢ АЙТҚАНЫ……..

Шәкәрімнің екінші жары Айғаншаның кесек тұлғалы бір жан екенін көрсететін мынадай бір жағдай айтылады Шәкәрімнің немересі Кәмиланың естелігінде:
1931 жылдың күзінде «Шәкәрімнің отбасы түгелімен қамауға алынсын» деген хабар жетеді. Бұған ағайын-туыс, бала-шаға азан-қазан, у-шу болысады да қалады.
Сол кезде Айғанша: «Біз тым жақсы өмір сүрдік, енді бір зауалдың келетін уақыты да жеткен шығар. Кәне, тоқтатыңдар!» – деп бәрін тыйған екен.
Жаратқанға күпірлік қылмай, тағдырға мойынсұнып, өмірдің тек жақсылықтан тұрмайтынын, көлі менен шөлінің, таршылығы мен молшылығының, қызығы мен шыжығының қатар жүретініне кәміл иман еткен жанның ұстанымы осы болса керек.
Бірақ, осыдан кейін Шәкәрім ұрпағының оңбай тоз-тозы шыққанына жанымыз ауырады, әлбетте. Кеңес үкіметінің бұл зұлымдығын ұмыту мүмкін емес.
Ұмытпауымыз да керек. Себебі, «Зұлымдықты ұмытпаңдар! Өйткені, ұмытылған зұлымдық қайталанады», – дейді Алия Иззетбегова.

Салтан Сайранұлы.
Maksat Skakov парақшасынан алынды