ӘЙГЕРІМ, ҰЛБОСЫН ЖӘНЕ ҰЛДАНАЙ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Нәтижесінде Түркістан облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс мадаль қанжығалады. Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен талантты жерлестеріміз Әйгерім Манасбай найза лақтырудан алтын алқа олжалса, Ұлболсын Есіркеп күміске қол жеткізді. Ал 2000 метр кедергімен жүгіруде Ұлданай Абылхан мәре сызығын екінші кесіп, күміс медаль иеленді. Осылайша, түркістандық өрендер жеңіл атлетика спортында қазақ жастарының да шеберліктері жоғары екенін дәлелдеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі