Айгүл Ісімақова: Қыздарымызды қорғай алмасақ, ұлт болып қалуымыз екіталай
Әйел затының қазақ дәріптеп келген болмысы — баланы мәпелеп, аялап өсірген ана. Қазіргі кезде әлемнің мән бермей келе жатқан мәселелерінің бірі — әйел адамның көрген зорлықзомбылығы және жазықсыз бала өлімі. Бұл да жаандық үлкен бір мәселе. Түркияның урналистер және жазушылар қауымдастығы және осы қауымдастықтың әйелдер платформасының дәстүрлі — 06 атты басқосуы осы жылы Тайланд елінде, Бангкок қаласында өткен еді. Екінші атауымен әйелдер саммиті деп аталатын жоғары деңгейде өткен бұл конференияда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған нәзік жандылар жаандық мәселелерді ортаға салды. 06 жылғы Саммитке халықаралық ұйым, мемлекеттің өкілдері қатысты. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы атынан ҚР лттық ғылым академиясының профессоры сімақова Айгүл ханым және алықаралық иалог платформасының мүшесі Қашқабаев Қазыбек мырза қатысқан болатын. Бұл жөнінде сімақова Айгүл ханыммен әңгімелесудің сәті түскен еді.
— Айгүл ханым, алдымен жиын жайлы, оның мақсаты жайлы айтсаңыз.
— Конференция Тай елінің мәдениетін таныстырумен басталды. Саммитте алғы сөзді алған Журналистер және жазушылар қауымдастығының президенті Хусеин Хурмалы мырза әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға алғысын білдіріп, саммиттің қоғамға пайдалы болатынына сенім білдірді. Кейін сөз алған Мұхит елдері және Азия аймағындағы БҰҰ әйелдер мәселесі бойынша аймақтық директоры Реберта Кларки әлемнің осы мәселеге көңіл бөліп, жазушылар мен журналистер бұл мәселені су бетіне шығарғанына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар бұл жұмыстардың қоғамда көпшілік тарапынан қайта ескерілетініне шынайы себепші болатынын атап өтті. Ашылу салтанатынан кейін «Әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты насихаттау жолдары», «Әйел адамдардың ер адамдармен тең құқылығы», «Әйел заты, бейбітшілік және оны қорғау заңдылығы» тақырыбында секциялар жұмыс жасады. Бұл тек гендерлік мәселе емес, әлемде болып жатқан саяси ахуал, әйел мен ананың саясиланған қоғамдағы көріп жатқан қиыншылықтары сөз болды. Әсіресе Африка, Индия елдерінен келген ғалымдардың айтқандары жантүршігерлік. шетін су, жейтін тамақ жоқ. Зорланып жатқан жасөспірім қыздар, зорлыққа ұшырап, зәбір көрген балалар.
Қу құлқынның қамы үшін абыройын сатқан жастар. Тоғыз жасар балаларды жаман жолға, жезөкшелікке түсіру. Ер балаларды туристер үшін азғындық қатынастарға мәжбүрлеу. Сол балалардың таңнан кешке дейін үйдің бетін көрмей, тек тамақ үшін небір азғындық пен зұлымдыққа көнуге мәжбүрлігі. Осының барлығы ананың жүрегіне қалай әсер етеді? Бұдан бізді кім қорғайды? Міне, жиында жан ауыртар осы мәселелер талқыға салынды. Әсіресе Оксфорд университеті профессорының баяндамасы әсерлі шықты. Ол басына кепка киіп алып, сириялық 12 жасар баланың кейпінде баяндама жасады. Сириядағы соғыс, түрлі соғыс қару-жарағынан көрген зардабы, әке-шешесінің тірі не өлі екенін білмей қиналғаны жайлы суреттегенде, залдағы отырғандардың барлығы орындарынан тұрып, жанжүректері езіле профессорға қошемет көрсетті. Сирия халқының мұңын білдей бір университеттің профессоры емес, 12 жастағы баланың тілімен айтқанда, соғыс зардабын тартып жатқан жазықсыз ел көз алдымызға елестеп, көзімізге жас келді. Кейін ол Конгодағы ашаршылық, судың жоқтығы, қыз баланың тағдыры аяқасты екені (ана деп қарамайды екен), қоғамдық-әлеуметтік проблемалары жайлы 10 жасар Конго қызының бейнесінде үрейленіп тұрып баяндағанда, конференцияға қатысушылардың ешбірін бей-жай қалдырмады. Сөзінің соңында ол осы балалар үшін дұға жасауды өтінді. «Мақсатымыз конференцияға қатысып кету ғана емес, осындай проблемаларды қалай шеше аламыз, ойланайықшы», — деп ойын түйіндеді. Бұл саммиттің тағы бір құрметті қонағы көптеген халықаралық олимпиада жеңімпазы, атлет, Кения ұрпағының салауатты және сауатты өмірі үшін қолынан келгеннің ешбірін аямайтын қоғам қайраткері Тагла ороупе ханым: «Біз қазір керемет қонақүйде, былайша айтқанда, «ақылды қоғамда» конференция жасап жатырмыз. Ал дәл қазіргі Африкадағы жағдайды менен басқа кім біледі?» — деді мұңайып. «Елім үшін сіздерден көмек сұрап тұрғаным жоқ, алайда бес-алты миллиардердің өзі-ақ Кениядағы қордаланған мәселелерді шеше алады. Өзгелерге Кения мемлекетінің жер асты байлығы керек болғанымен, оның қиыншылықпен өмір сүріп жатқан халқы ешкімге керек емес», — деп, тауқымет тартқан халқының мұңлы тағдырына алаңдаушылық білдірді. Жиында жаһанның әр қиырынан келген ғалымдар баяндама жасады. Олар мұнда өздерін көрсету үшін келген жоқ. Еліне, оның ауыр тұрмысына жаны ашып, соны шешу жолдарын шарқ ұрып іздеп, пікір алмасу үшін, бір нәтижеге жету үшін жиылды. Әлемдегі зорлық көрген, аштыққа ұшыраған, сұм соғыстың ошағында қорқынышпен ғұмыр кешкен елдер туралы ойлағанда, осы күнімізге шүкір етіп, еліміздің әлеуетіне разы боласың.
— Әлемдік мәселелермен салыстыруға келмес, десе де, еліміздегі ана мен бала проблемасын қалай бағалар едіңіз?
— Біздің елде әйел мен ананы қорғаудың қоғамдық ұйымдары бар. Балаларды қорғау комитеті бар. Саясатқа ден қойған әйелдер өте аз. Саясатпен айналысу үшін әйелдерге үнемі біреудің қолдауы қажет секілді. Бізде қаншама кәсіпкер әйелдер бар. Елімізде мүмкіншілігі зор, сауатты, іскер әйелдер жетерлік, бірақ оларға белгілі бір мүмкіндіктер шеңберінде ғана әрекет етуге рұқсат етіледі. Өз күшімен билікке жетіп, ел мүддесін айтып жүрген әйелдерді білмеймін. Белгілі топтың, қоғамдық ұйымның мүддесін қорғап жүрген әйелдер ғана деуге болады.
— Мынаны айтыңызшы, қазақ тарихында әйелдің рөлі қандай болған?
— Ер адамдар болмаған кезде Шоқанның әжесі, Абайдың әжесі бір ауылды, руды басқарған. Ұрпақтың, бүкіл бала-шағаның тәрбиесі аналарымыздың қолында болған. Ер адамдар сырттың жұмысымен айналысқан, ел билеген. Ел шетіне жау келгенде қолдарына қару алып соғысқа аттанған. Елдік мәселелерді шешуде іс басында болған. Ал тұрмыстық жағдайда бала тәрбиелеу аналардың қолында. Қазақ жерінде Томирис те, Зарина да болды. Қазақтың қыздары арабтың қыздары секілді хиджап киіп үйде отырмаған. Керек кезде атқа қонып, ерлермен бірге ел қорғаған. Ел басына іс түскенде халықтың қамы үшін аң аулап, тірлік қылған. Аттың жалында, түйенің қомында ерлерше еңбек етіп, елі үшін от кешкен. Өстіп жүріп Абайды, Шоқанды, Ахмет, Міржақыптарды тәрбиеледі. Қазақ әйелінің рухы әр заманда мықты болған. Қазақ қызын еркелетіп тәрбиелеген, төрге шығарып, қонақ деп құрметтеген. ақыты келгенде басқа бір әулеттің ұрпағын жалғастыратын, тәрбиелейтін болғандықтан, сол әулеттің абыройын көтеретін ана деп мәпелеп өсірген. Өкінішке орай, «ұлтты тәрбиелейтін — ана» деген нақылдан айырылып қалдық. Иә, қазір саясатта жүрген әйелдер бар. Олар ұлтты тәрбиелейтін мүдделерді түсінбек түгіл қазақша сөйлеп қарық қылмайды. Гендерлік көрсеткіш үшін билікте жүрген әйелдер саны керек шығар, бірақ елімізде қазақ ұлтының әйелі мен анасының жауапкершілігін сезіне алған саясаткер әйелдерді көрген емеспін.
— Біздің қоғамда әйелдер қай кезеңнен бастап қысым көре бастады?
— Кеңес кезеңінен бастап әйелдер қысым көре бастады. Кез келген ТМД елін алыңыз, біз ер адамдар басқарған қоғамда өмір сүріп келе жатырмыз. Жемқорлық ер адамдар басты міндет атқарған қоғамда болады. Ер адамдар әйел затына ана деп қарайтын болса, әйелдерге қатысты мәселелерді басқаша шешетін еді. Қазір әлем бойынша әйелдердің билікке келетін себебі осындайдан. Еуропаның біраз елінде билікте отырған — әйелдер. Қаржы саласын басқаратын — әйелдер. Олар әйелдің қолында тұрған қаржы барлық нәрсеге жеткілікті болатынын мойындады. Ер адамдар билеген қоғамда әйел адамның құқығы көрсеткіш үшін сақталуда. Сапасы жағынан іскер, елге үлгі болатын әйелдер билік басында жүр деп айта алмаймын. Бізде саясатта жүрген кейбір әйелдердің пікірлері қоғамда сынға жиі ұшырайды. Болып жатқан саяси ахуалға өзінің пікірін білдірсе де сынға ұшырайды. Болашақта ер адамдар билікті қолдан бермей келе жатқан қоғамда да әйел адаммен пікір алмасуға, ақылдасуға қажеттілік туады деп ойлаймын. Елдің ішінен шыққан әйелдеріміз жоқтың қасы. Қазақ жерінің шекарасын қараңыз, мына жақта Қытай, ана жақта Ресей, Хиуа дегендей. Осыншама жерді бабаларымыз қалай ұстап отырған? Қытай секілді тас қорғанын да салмаған. Әрине, рухани ақылмен ұстап отырған. Кеңес үкіметіне дейін қазақ жерінде түрме де, жетім балалар үйі де, министр, депутат, президент те болмаған. Ақсақалдар алқасы руды басқарып отырған. Ел ішінен шыққан шикіөкпелердің жағымсыз қылықтарын үлкендер жазалап отырған. Халық жаман атақтан, ел сөзінен қорыққан, осылайша ұрпағына ұлағатты тәрбие берген.
— Соңғы жарты жылдың ішінде өз сәбиін дәретханаға, қоқысқа тастап кету, өлтіру көбейіп кетті. Бұның себебі неде?
— Бұл — деградация. Бұл — қоғамның азғындығы. Бұған мен де, сіз де, барлық қоғам мүшесі кінәлі. Қыз балаларды соған итермелейтін қоғам кінәлі. Еуропада, Батыста білім алған көптеген қыз-жігіттеріміз оқимын деп жүріп уақытын өткізіп алған, сондықтан бала көре алмай жүр. Белсіздік дерті де өршіп тұр. Өзіңіз айтып отырған қыздарымыздың қылығы жүректі ауыртады. Біз әйелдеріміз бен қыздарымызды қорғамасақ, қазақ ұлтының ұлт болып қалуы екіталай. Біз Мәскеуде оқыдық. Балтық елдерінің азаматтары, грузин, армиян жігіттері өз ұлтының қыздары кітапхана, театрға барса, соны бақылап жүретін. Қажет болса, барар жеріне дейін жеткізіп салатын. Қыздардың қауіпсіздігі, тамағы сол жігіттердің мойнында болатын. Әлгі жігіттердің отбасы бар. Алайда олар қыздарды бір жамандыққа ұшыраудан сақтап, қорғап жүруді міндетім деп санайды. Қыздары ашықшашық киім кисе, кәдімгідей намыстанады. Жатақханаға дұрыс киініп кел деп қайтарып жіберетін. Олар әрбір қыз балаға өз қарындасындай қарайтын, абыройын ойлайтын. Біздің қоғамда ер-азаматтар қыздарымызға өзінің қызы, әпкесі, қарындасы секілді қарайтын болса, мұндай сорақылықтар орын алмас еді. Қыз баланың, болашақ ананың келешегіне төніп тұрған қауіптерді санап отырып заң шығармасақ, қоғамымыз құри береді. Бізде жалғызбасты әйелдің құқығы сақталмайды. Мысалы, Иранда ер адам қайтыс болса, мемлекет оның отбасын өз қамқорлығына алады. Ер адамның айлығын немесе зейнетақысын отбасына береді. Дәл осындай жағдай Түркияда да бар. Біздің қыздарымыз бен әйел-аналарымызға осындай жағдайлар жасалса, қоғам дәл бүгінгідей күйге түспес еді. Біздің қоғамда жас отбасына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілмейді. Жас отбасылар үйсіз-күйсіз, жатақханасыз. Олар тағы қырыққа дейін жүреді. Осылай ұрпақ сүймейтіндер де бар. Балаға жағдай жасайтын әке-шешенің қауқары жоқ. Өзіміздің Алматыда пәтер жалдап тұрайын десеңіз, аяғы ауыр әйелді, екі-үш жастағы балалары бар отбасыларын кіргізбейді. Ақысын төлей алмайды, пәтер жиһазына, пәтердің түсқағазына зиян келтіреді деп ойлайды. Өте ауыр жағдай. Ал олардың өз пәтерін заңсыз (салықсыз) жалға беріп отырғандығын анықтап, тексеріп отырған мемлекет жоқ. Мысалы, Германияда жас отбасында бала өмірге келсе, бірден үй беріледі. Себебі сіз неміс ұрпағын жалғастырушысыз. Көршіміз Ресейде де жаңа заң қабылданған. Егер сіздің ипотекаңыз болған жағдайда балаңыз өмірге келіп жатса, ипотекаңызды азайтады. Бізде жас отбасыларға тым құрығанда, уақытша тұратын жатақханалар салынса, уақытша жалға берілетін үйлер салынса, соның көмегімен жастарымыз үй алу үшін қаражат жинаса. Әйтпесе, елдің жертөлесінде күнелтіп жатқан отбасыларды білеміз. Біз бүгін жастарымызға қолдау білдірмесек, ертең «кәрі ұлтқа» айналамыз.
— Сұхбат бергеніңізге рақмет!
Сұхбаттасқан — Бауыржан Карипов