АЙМАҚТА 352,4 МЫҢ ГЕКТАР ШӨП ОРЫЛАДЫ

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мың гектарға артық. Биыл облыста 2,7 млн. тоннадан астам мал азығын дайындау көзделсе, оны ішінде 2,1 млн. тонна пішен, 95,0 мың тонна пішендеме, 442,0 мың тонна сабан, 95,0 мың тонна сүрлем бар.
Қазіргі уақытта бірқатар аудандарда шөп ору науқаны басталып, қызу жүріп жатыр. Аймақта 184,4 мың гектар көпжылдық және 27,9 мың гектар біржылдық шөп, 135,1 мың гектар табиғи шабындық, 4,7 мың гектар сүрлемдік жүгері ору жоспарланған.
Бүгінгі күні 1,5 мың гектарға жуық көпжылдық шөп орылса, 2,4 мың тонна пішен дайындалып, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы