АЙМАҚТА ЕГІН ОРАҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Ерте көктемнен жерге еңкейіп, күз айының соңына қарай бүгілген белін бір-ақ жазатын диқаншылар бүгінгі күні егін ору науқанын аяқтады. Қазіргі уақытта 371,0 мың гектар алқаптан 633,3 мың тонна астық бастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 166,7 мың тоннаға артты және әр гектардан алынған орташа өнім 17,1 ц/га құрады.
Облыс бойынша Меркі ауданында әр гектардан алынған өнім 18,4 ц/га құрап көш бастаса, Т.Рысқұлов ауданында — 18,3 ц/га, Жуалы ауданында — 18,0 ц/га құрап, облыстық деңгейден жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.
Жалпы биылғы жылы 157,1 мың гектарға бидай, 213,9 мың гектарға арпа егіліп, егін ору науқанына 700-ге жуық комбайн қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы