Айналайын ақпейіл жұртым!
– Мен тәңірі сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Еңкейіп отырмын деп, еңсемді түсірмеймін. Ат жалын тартып мінген азамат шақтан алдыма қойған бар арман, бар мақсат – халқыма қызмет ету еді. Ол ниет орындалды.
Қалтқысыз қызмет етуге, аманатыңа адал болуға, адам баласына қиянат жасамауға, ала жіптен аттамауға тырыстым.
Соңғы демім таусылғанша алақаны аялы, жаны саялы елім, саған, алтын бесігім жерім, саған қызмет етуден танбаймын.
Менің жан баласына өкпем жоқ. Ал менде кеткен өкпе, реніш, наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын.
Тағы да баршаңызға бақыт тілеймін. Арайлап атқан әрбір таң сіздерге қуаныш әкелсін. Алдымыздан ақ жарылқап, күн туа берсін, айналайын ақпейіл жұртым! – депті Димаш Ахметұлы.
Дінмұхамед Қонаев, 1993 жылдың сәуір.