«Айналайын» би тобы бас жүлдемен оралды
Халықаралық өнер бірлестігі ҚР Қарағанды қаласының ұйымдастыруымен Атырау қаласында үсітімздегі жылдың 2-4 желтоқсан күндері ІІ Халықаралық «Ақ сұңқар» балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсы өтті. Бұл байқауда жиырма бес ұжымының ішінде Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының хореграфы Гүлшат Нұрмұханова жетекшілік ететін «Айналайын» би ансамблінің үлкен тобы 13-15 жас аралығындағы бишілер «Мереке» қазақ биін мың бұрала билеп, бас жүлдені жеңіп алды. Ал, 7-9 жас аралығындағы қыздардан құралған орта топ «Гүл тартуы» қазақ биімен І орынды жеңіп алды.
Ұлттық, эстрадалық, сюжеттік, қазіргі заманауи, классикалық билер және жеке орындаушылар бойынша кіші, орта, үлкен топтар өнер көрсеткен Халықаралық байқауға Ресей Федерациясының Астрахань қаласынан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау қалаларынан үміткерлер қатысты. Байқауда КСРО әртісі Гүлжан Талпақова және белгілі халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, балет мейстерТалғат Ғатауов жас бишілердің өенерін бағалады.
Шынар Молданиязова,
БҚО, Сырым ауданы