«Айқайлаған»: сержант пен мұғалім бір адамды ажалдан аман алып қалды

«Ол еш ойланбастан оқиға орнына жетіп, өзінің туысы Манарбек Ауғанбаевпен бірге дереу тілсіз жаудың бетін қайтаруға кіріседі. Кенет үй ішінен көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген Ризабек жалын шарпыған үйге кіріп, диваннан тұруға шамасы жетпей жатқан жасы 65 шамасындағы ер адамды көреді. Олар есікке қарай беттегенде Манарбек көмекке келіп, ер азаматты сыртқа аман-есен алып шыққан» деп жазылған мәліметте.

Өрттен уланған үй иесі дереу ауруханаға жеткізілген. Ал өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп үлгерген.

Ризабек Қанапиянов – Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің сержанты, ал Манарбек Ауғанбаев – №46 қалалық мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі.

 

turkystan.kz