Айша анамыздың (р.а.) көркем мінезі
Аллаһтың елшісі, сүйікті Пайғамбарымыздың (с. а. с) Айша анамызға (р.а) деген ерекше махаббаты мен сүйіспеншілігін білмейтін пенде жоқ шығар. Өткен ғасырдан жеткен бір оқиғада Аллахтың Елшісінен (с.а.с) бәрінен де артық кімді жақсы көресің деп сұрағанда, «Айша» деп бір ауыз сөзбен жауап қайтарған . Осыдан байқағанымыздай Айша анамыз (р.а) исламдағы әйелдің құқығын өте жақсы білген, тіпті мықты оқымыстылардың өзі осы тұрғыда одан көмек сұрап, көптеген көкейкесті мәселелердің шешімін тауып беріп отырған. Жәбірейл (а.с.) періштенің өзі Айша анамызға (р.а) «Ас-саляму алейкум» деп салем берген.
Аллахтың Елшісі (с.а.с) жәннатта да оның әйелі болатынын айтып сүйіншілеген.
Оған екіжүзділер жала жапқанда, Аллаһ Тағала ол туралы Құран аяттарын түсіру арқылы оның кінәсіздігін көрсетіп, жаладан ақтап алды.
Ибн Саад (р. а.) жеткізген бір оқиғада, бір күні Айша анамыз (р.а) Аллах елшісінің (c.а.с) өзге әйелдерінен ерекше көрінетін Аллахтың өзіне дарытқан он нығметін санап береді.
Бір күні Айша анамыз (р.а) 100000 дирхам көлемінде екі қап сыйлық алады. Ол қапта кешке дейін ешқандай ақша қалмастай етіп, кедейлердің арасында таратып береді. Сол күні ол ораза ұстайды. Оны білген Айша анамыздың (р.а) қызметшісі ифтар уақытында оған бір үзім нан мен мен зәйтүн майын әкеліп: «Мен ифтарға ет алуға бір дирхам қала ма деп үміттенген едім» дейді. Бірақ Айша анамыз (р.а) былай дейді: «Өкінбе. Мүмкін сен сол кезде айтқаныңда мен бір дирхамды жұмсап қояр ма едім» деп жауап қайтарады.
Айша анамыз (р.а) осындай сыйлықтың көбісін Әмір Муавии, Абдуллах ибн Зубайрадан алатын және тағы басқалардын көптеген сыйлықтар келіп отырды, себебі бұл мұсылмандардың көркейген және жанданған кезі еді, олардың билігі сол кезде ауқымды шекараны алып тұрды.
Осыған қарамастан Айша анамыз (р.а) өте қарапайым өмір сүрді. Өздеріңіз байқағандай, ол 100000 дирхамды кедейлерге таратып, өзінің ифтарға ет алу керектігін есіне де алған жоқ.
Қазіргі таңда мұндай оқиғалар біз үшін мүмкін емес болып көрінгенмен, сол кездің саңлықтары үшін ештеңе де таң қаларлық болған жоқ.
Көптеген оқиғалар Айша анамыздың (р.а) көркем мінезі мен тақуалығына қатысты болған.
Бір күні Айша анамыз (р.а) үйінде бір үзім нан қалғанда ауыз бекітеді. Сол күні үйіне бір кедей келіп тамақ сұрайды. Сонда Айша анамыз (р.а) үй қызметшісіне қалған бір үзім нанды беруді бұйырады. Сонда үй қызметшісі: «Егер бір үзім нанды берсек, үйде ештеңе қалмайтынын айтады». Оған Айша анамыз (р.а) былай жауап қайтарады: « Ештеңе етпейді, нанды ала берсін».
Урва (р.а) былай дейді: « Бір күні Айшаның (р.а) өзінің киімі жамаулы болып тұрса да садақаға 70000 дирхам бергенін көрдім»
Бірақ осындай тақуалығына қарамастан ол Аллаһқа деген қорқынышын жүрегінде сақтап жүрді, оны күнде айтып жүретін мына сөздерінен байқауға болады:
«Мен Аллахты үнемі ұлықтап тұратын жай ағаш болғанымда , қиямет күні ештеңеден сұралмас едім»
«Ең болмағанда тас немесе түйіршік тас болғанымда ғой»
«Ең болмағанда ағаштың жапырағы немесе жердің шөбі болғанымда ғой»
«Мен мүлде өмірге келмегенімде ғой»
Бұл жүректегі қорқыныш сезімі сол кездегі өмірдің көрінісі еді.
Амантай Тойшыбайұлы