Айша Бақыт-гран-при иегері атанды

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дарынды оқушысы Айша Бақыт республикалық деңгейде өткен көпжанрлы шығармашылық байқау-фестивалінде биік белестерді бағындырды. Ол “Ою-өрнек” аталымы бойынша декоративті-қолданбалы өнер саласында үздік өнер көрсетіп, осы байқаудың ең жоғары марапаты — гран-при иегері атанды.
Айшаның өнер жолындағы жеңісі оның шығармашылығын дамытуға жетекшілік еткен Маулен Қасымбековтың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ұстаздың бағыт-бағдары мен қолдауы шәкіртінің табысқа жетуіне зор септігін тигізді.
Жеңімпазды құрметпен марапаттау рәсімінде Айшаға арнайы диплом, алтын медаль және кубок табысталды. Мектеп ұжымы Айшаны осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы байқауларда да сәттілік серік болуын тілейді.