Айтбала Жолмаханова- МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ

Ел үшін еткен еңбек өз нәтижесін береді.
Сары даласынан талай саңлақтар мен қайраткерлер шыққан Сарысу өңіріндегі аға буын өкілдерінің ізін жалғастырған жасампаз ұрпақтардың қатары көбейіп келеді.
Жақында Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова «Мәдениет саласының үздігі» атанып, арнайы төсбелгіні кеудесіне тақты.
Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев «‘Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершіліктің ордасы деп білемін. Ал, кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын» — деп айтқандай, ауданымыздағы бірден-бір руханият ордасының жетекшісі, осы салаға бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан Айтбала Әбухасқызын мәртебелі марапатымен құттықтаймыз.
Бұл марапат еңбегі қарапайым әрі маңызды, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір бола білген, барлық кітапханашылардың жемісті еңбегі.
Марапат құтты болсын, Айтбала Әбухасқызы!
Қуанышты құрмет құтты болсын, кітапханашылар қауымы!