АЙТҰЯҚ
Көп салт-дәстүрдің бірі. Біреу қатты жараланса, өміріне қауіп төнсе немесе қиын жағдайға душар болса әдетте қазақ «ақсарбас» айтқан. Ондайда малын сойып, құдайы тамақ берген. Бұрын ауыр жолға, мәселен, Отан қорғауға, қажылық сапарға, ауыр сырқаттан емделуге аттанатын болса, «айтұяқ» атап, жылқы соятын болған. Ел-жұртқа күні бұрын хабарлаған, жиналған жұрттың батасын алған. Жаугершілік замандарда «айтұяқ» жиі берілген.