АЙТЫЛДЫ ОРЫНДАЛДЫ

Өткен жылы шаһар басшысының бастамасымен ашық аспан астында көшпелі қоғамдық қабылдаулар өтті. Онда шағымын арқалаған азаматтардың сұрақтары тыңдалып, назарға алынды. Нәтижесінде қоғам белсенділері мен тұрғындардың көтерген бірқатар мәселелері өз шешімін тапты. Мәселен, қабылдауға келген қала тұрғыны өзі тұратын аумаққа қоғамдық көліктің аз қатынайтынын айтқан. Мәселе бірден назарға алынып, #12, #34 автобустардың бағыты “Родничок” алқабына дейін ұзартылды.
Тараз қаласының әкімдігі