АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: БАҒАНАЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Жыл басында өткен ауыл тұрғындары алдындағы есепті кездесулердің басым көпшілігінде жарықтың жиі сөнуі сынға алынған еді. Оған аудандағы электр желілері мен бағаналарының әбден тозығы жеткені сеп болған.
Тұрғындардың тілегін ескере отырып, арнайы жұмыс тобы құрған болатынбыз. Топ мүшелері аудандағы бағаналардың 85 пайызы ескіргенін анықтап, алдағы жұмыс жоспарын бекіттік.
Бүгінде жұмыстың алғашқы нәтижесі де көріне бастады. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе рет-ретімен шешімін табуда. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында бүгін Алға ауылдық округіне барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрдім.