АЙЫБЫН АШПА……..
Ақпараттар ілегі бүгінгі қоғамның барометрі. Көп оқылатын ақпарат арқылы халықтың пейілін, қоғамның ниетін аңғаруға болады екен.
Ақпарат таратумен белсенді айналысатындар бүгінде біреудің айыбын ашатын, сырын шашатын, мінін табатын дүниелерді іздейді. Себебі оның оқырманы көп.
Ылас ақпаратты жиі жариялап, оны таратуды әдетке айналдырғандар халыққа ылай су ішкізгенмен бірдей, елдің пейілін тарылтып, көңіліне дерт қондырады. Түбі өзінің де айыбы ашылып, масқара болатынын ұмытпасын.
Он сегіз мың ғаламның иесі:”Біреудің сырын шашып, айыбын ашпаңдар. Пенде періштедей күнәдән пәк емес. Мен жасырған пендемнің айыбын ашатын сен кім едің? Жасырылған өз айыбың ашылса қандай күйде боласың”- деген емес пе пенделеріне?
Сабақ алатын дүние.
“Бойдағы мінді санасам, тау тасынан аз емес. Аршып алып тастайтын апандағы саз емес”- деп жырлаған ұлы Абай, өле-өлгенше пенденің өз бойындағы мінімен күресуге шақырған.
Өз бойыңдағы, өз мініңді табу, онан арылуға тырысу, ол мүлде басқа әңгіме….
МАҚСАТ СҚАҚОВ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН