«Ақ орамал» енді Оралда

Оралда Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін қолдау мақсатында «Ақ орамал» республикалық шарасы аясында әйелдер шеруі болып, Жеңіс алаңында салтанатты шара өткізілді.

Көп балалы аналар, беделді, іскер жандар, қоғам қайраткерлері бас қосқан жиынға қатысушылар алдында 4облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов сөз алып, ел тарихындағы орны ерекше ақ орамалдың қадір-қасиетіне тоқталды. Ежелден соғысудың аз-ақ алдында тұрған қос тараптың ортасына тасталған әйелдің ақ орамалынан ешкім де асып кете алмаған. Сөйтіп ұрыс-талас бітіммен біткен. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілікті ту еткен саясаты әлемде кеңінен қолдау тауып отыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылып, ядролық қарусыз өмір сүруге қадам жасалса, биыл «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі бұл бастаманы жаңа деңгейге көтерді. Өткен ғасырларда қанқұйлы соғыстар аз болмаса, енді дүние жүзінде бейбітшілік пен келісім үстемдік құруы тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болған «Ақ орамал» шарасы да игі мақсатты көздейді.

7

Жиында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева ана сүтімен сіңген ақ деген ұғымның мәні тереңде екендігін атап өтті. Барлық аналар жер бетіндегі адамзат атаулының аман болуын тілейді. Бізге керегі — бейбітшілік. Ендеше, жас ұрпақ та ана жаулығына кір жұқтырмай, ел бірлігі үшін тынбай еңбек етіп, бабалар аманатына адал болуы тиіс. Ақын жуырда тойы болған қалыңдықтардың басына ырым етіп, ақ орамал жапты.

                       1  3

«Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова қазіргі таңда 200-дей адамды біріктіретін аталмыш қоғам мүшелері де мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа риза екендігін, Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін бірауыздан қолдайтындығын жеткізді.

2

А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы Светлана Романова соғыс атаулы мен лаңкестікке көп болып қарсы тұруға шақырды.

6

Салтанатты шара шығармашылық ұжымдар өнерімен өрнектеліп, ақ көгершіндер мен шарлар көкке ұшырылды. Содан кейін облыстық аналар форумына ұласты.

Елжан Ералы