АҚБҰЛЫМДА БІРДЕН 4 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНДЫ
Халық тілегінің назарға алып, олардың ұсыныс-тілектерін орындау жергілікті биліктің басты — мақсаты.
Жыл басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қала маңындағы Ақбұлым ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуде жергілікті тұрғындар 4 көшеге асфальт төселсе, «Сейдалы» каналы тазаланса, ҰОС ескерткіші мен балалар ойын алаңы жарықтандырылса, кіші футбол алаңына жасанды тоған төселсе деген талабын айтқан болатын. Көшелер жөндеу көрмеген және ауылдағы әлеуметтік нысандарға апаратын жол.
Ауылдықтардың өтінішін назарға алған өңір басшысы талап-тілектер назарға алынғанын, жыл ішінде қолға алынатынын жеткізген.
Сөзден-іске көшер болсақ, бүгінде жоғарыдағы тірліктер толықтай тиянағын тапқан.
Бүгінде көше бойларымен балалар велосипед, самакат теуіп, тақтай тегіс жолдармен асыр-салып ойнап жүр. Ауылдағы 4 көшені екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Үлкен көшелердің бірі — Дербіс болыс көшесі (5,120м), Жеңістің қырықжылдығы көшесі (595 м), Желтоқсан (585м), Төрегелді (405) көшелері толықтай асфальттанды. Сондай-ақ мешіт маңынада жол жабындысы төселді. Ал балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін саябағымызға және кіші футбол алаңына жасанды төсеніш төселді. Ал көптен бері тазаланбаған Сейдалы каналы толықтай тазаланды.
Жамбыл ауданы