Акция Ұйымдастырылды

Қазақта ұл баланы сүндетке отырғызу дәстүрі әлі де сақталып келеді. Осыған орай аудандық орталық ауруханасының  ұйымдастыруымен  «Тегін сүндетке отырғызу» акциясы өтті. Аурухананың жоғары дәрежелі, тәжірибелі хирургтары Медициналық қызметті  тегін көрсетті.

Аталмыш шараға келген тұрғындардың қарасы қалың. Өйткені бұл күнде көпбалалы отбасының балалары сүндетке отырғызылды.

Аудан тұрғыны М.Дүйсенбиева:

-Оташы мамандар жасаған сүндет жасөспірімдерге жеңіл әрі қолайлы болды. Сондықтан да балалар арасында  ауырсыну, өздерін қолайсыз сезіну  жағдайлар болған жоқ. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз,- деді.

Сонымен қатар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликованың бастамасымен бүлдіршіндерге сыйлықтар мен тәттілер таратылды.

Дәрігерлер ұйымдастырған шараға ата-аналар дән риза. Аудандық орталық  ауруханасының ұжымы бұл акцияны  алдағы уақытта да жалғастырамыз дейді.

«Sarysý-Aqparat»