Әке, бір сағатыңызды маған сатыңызшы?
Жұмыстан шаршап-шалдығып үйге жеткен әке 5 жастағы баласының есіктің алдында күтіп тұрғанын көреді. Баласы әкесіне еркелеп:– Әке, бір сағатта қанша ақша табасыз? – деп сұрайды. Онсыз да жұмыстан қатты шаршап келген әкесі жақтырмай былай дейді:
– Онда сенің шаруаң болмасын.
– Әке, айта салыңызшы.
– Білгің келіп тұрса, айтайын. Мың теңге .
– Маған 500 теңге қарыз бере аласыз ба? – дегенде әкесі қатты ашуланып:
– Дәл қазір сенің түкке тұрғысыз ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Қане, басты қатырмай орныңнан тұр да бөлмеңе бар, – деп зекірді.
Баласы сөзге келместен бөлмесіне кіріп кетті. Ал, әкесінің біраздан кейін шаршағаны басылып, ашуы тарқайды. «Оған ақша неге керек болды екен, мүмкін шынымен бір нәрсеге қажет болған шығар» деп ойлайды да баласының бөлмесіне кіреді. Баласы бүк түсіп жатыр екен. Әкесі ақырын ғана:
– Ұйықтап қалдың ба? – деп сұрайды.
– Жоқ, әлі ұйықтаған жоқпын.
– Мә, сұраған ақшаңды ала ғой. Бүгін жұмыста қатты шаршағандықтан, сені ренжітіп алдым-ау,– дегенде балақай қатты қуанып:
– Рахмет сізге, әкетай, – дейді де жастығының астынан мыж-мыж болған ақшаларды жинай бастайды. Мұны көрген әкесі тағы да ашуға басып:
– Ақшаң бола тұра, неге сұрадың? – дейді.
– Бұлар саған беруге аздық етеді, – деді де ақшаны әкесіне ұсынып:
– Міне, 1000 теңге. Енді, маған бір сағат уақытыңды бөле аласың ба?!– дегенде әкесі ұялғаннан қып-қызыл болып кетті.