Әке-шешесінің еңбегін сыйлай білген бала Отанын да, ұлтын да сыйлай біледі.
- Адам ақылымен қымбатты,
Ұрпағымен сымбатты. - Ұлының ойын, қызының қылығын байқай білген ата-ана — ұяттың отына оңайлықпен күйе қоймас.
- Балаңды мектепте мұқият оқытпасаң, бала тәрбиесіне жұмсаған құлшынысың далада қалады.
- Әке-шешесінің еңбегін сыйлай білген бала Отанын да, ұлтын да сыйлай біледі.
- Балаңды орынсыз көкке көтеріп «патша» жасасаң, балаңның құлына айналасың. Ол «патшадан» опа да, пайда да жоқ.
- Балаңызға қуыршақ әперсеңіз пайдалы. Алайда қуыршақ баланың есінде қалмас. Небір жақсы ертегі, жақсы әңгіме айтып берсеңіз, сол баланың есінде өмір бойы сақталады.
- Ұлтты жою үшін алдымен ұлттық мектепті жою керек. Ұлтты дамыту үшін алдымен ұлттық мектептерді дамыту, сапаландыру тиіс. Ұрпақ сонда ғана сапалы болмақ.
- Күйеуінің ақшасын аңдыған әйел, өзінің өмір бақшасын өртеуге сіріңке ала бастағаны.
- Нағыз махаббат түпсіз шыңырау. Ақыл ғана сол шыңыраудан алып шығуы мүмкін.
- Адам тіршілігі үйсіз, күйсіз, міндетсіз, борышсыз, ешбір қам-қайғысыз өтсе, онда тіршіліктің мәні де, сәні де қалмас.
- Тентек баланы тектей бермей, зерттей біл. Жазғыра беру жағымсыз тәрбие. Тентек баланың жан дүниесінде жасырынған жасампаздық жалындап жатуы әбден мүмкін.
- Ата-аналар, араларыңдағы қызғаныш үйлесімді болсын! Ойларыңа қызғаныштан құрт түссе, балаларыңның сапасы күрт түседі.
- Ойын баласы ойыннан ой қабылдайды. Ойнай алмаған бала ойға жетілмейді. Тоймаған бала бойға жетілмейді.
- Ұрпақ тәрбиесі ойыңнан кетсе, адамдық борышың бойыңнан кетеді.
- Адамды ауыр ойдан құтқаратын үш дәрі бар: күлкі, музыка, поэзия.
Нұрмұқан Жанұзақұлы